ҚР Қарулы Күштерінің барлық әскери бөлімдері мен құрамаларында қазақстандық армияның әскери қызметшілері Елбасы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған кезекті Жолдауын құлшыныспен қабылдады.
Қарулы Күштерде «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайларындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты 2018 жылғы 10 қаңтардағы ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдаған Жолдауы талқылануда. Офицерлер, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер жаңа бағдарламалық құжат жаңа шынайылық жағдайларында қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған Мемлекет басшысы саясатының қисынды жалғасы болып табылады деп есептейді.