ҚР Қарулы Күштері қалай құрылды? (Пікірлер тоғысы)

 Мұхтар Алтынбаев, Армия генералы, Парламент Сенатының депутаты:

 Кадр мәселесін осылай шештік

қр қарулы күштері құрылған кезде түркістан әскери округінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс корпусының командирі қызметінен президенттің шақыртуымен қайтып келдім. содан кейін президент жарлығының негізінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы – қазақстан республикасы қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалдым. осы орайда айта кеткен жөн, қазақстанда бірінші қорғаныс комитеті, артынша 1992 жылы 7-мамырда қорғаныс министрлігі ірге қалады. кеңес одағының батыры, генерал-лейтенант сағадат нұрмағамбетовке жоғары бас қолбасшы – елбасы бұйрығымен генерал-полковник шені беріліп, министр болды.

ең қиын жағдай қару-жарақты бөлу кезінде орын алды. біз ол тұста мәскеуге бағындық қой. қазақ ұлтынан мамандар жоқ деуге де болады. генералдардан – мен және сағадат қожахметұлы. офицерлердің өзі санаулы. өзге ұлттағы мамандардың бәрі-дерлік елдеріне кете бастады. авиация полкінің басшылығы түгел қайтып кеткен. не істерімізді білмедік. оқу орны да жоқ бізде. әскери бөлімдер басшыларының барлығы өзге ұлттағылар болғандықтан, олардағы қару-жарақтар да ресейге жөнелтіле берді. жиырма бірге жуық миг-29 ұшағы кетіп қалды. 1995 жылы шағандағы стратегиялық ұшақтар кетті.

мұның бәрін қалай ұстап қалу керек? 1991 жылы жасалған меморандум бар екен. ондағы келісім бойынша 1991 жылға дейін келген қару-жарақтар қазақстанда қалу керек те, одан кейін әкелінген қару-жарақтар қайту керек ресейге. мамандар тапшылығының салдарынан бұл келісімге де қараған жоқ олар. не істеу керек? содан кейін қорғаныс министрлігінің шешімімен кіші лейтенанттарды тез-тез дайындай бастадық. оларды әскери бөлімдерге тағайындадық.

ол кезде өзімізде құрлық әскерлерінің және шекара әскерлерінің училищесі бар еді. содан кейін ақтөбедегі азаматтық ұшқыштар даярлайтын оқу орнын мемлекет меншігіне алып алдық. сол жерден әскери ұшқыштарды даярладық. көп ұзамай радиоэлектроника институты ашылды. іле-шала шучье қаласынан ұлттық қорғаныс академиясын аштық. осылайша мамандар тапшылығын шешкендей болдық.

айта кеткен жөн, тмд мемлекеттерінің ішінде тек қазақстан ғана компенсация ретінде «с-300» зымырандары мен «ту-34» ұшақтарын, басқа да техникаларды қайтарып алдық. мұның өзіне екі жылдай уақытымызды сарп еттік. сол жылдары он алты қазақ ұлтының өкілін краснодарға дайындықтан өтуге жібердік. бұған қоса, ресейге компенсация ретінде тегін мамандарымызды оқыттық. ал бүгінде жақсы оқу орындарымыз бар, яғни,  мамандарды өзіміз даярлаймыз деп мақтанышпен айтуға болады. сонымен қоса, еліміздегі жоғарғы әскери оқу орындарда шетелдік азаматтар да оқып жүргенін тілге тиек еткім келеді. Мұның бәрі қандай қиындықтармен, машақатпен келгенін тек түсіну қажет, түйсіну керек. 

Тоқтар Әубәкіров, Қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық қаһарманы, Кеңес Одағының батыры, ҚР Әуе қорғанысы күштерінің генерал-майоры:

Бойымыздағы энтузиазммен құрдық

 Одақтас республикалар ыдыраған кезде еліміздегі әскери күштер ағылып кетіп жатты, оны тоқтату керек болды. Осы жігіттерге үміт сыйлайтын әрі сенім беретін заңнама қабылдадық. Оларға тұрған пәтерін жекешелендіріп бердік. Екіншіден, қанша қиналсақ та, оларды толықтай киіндіріп, жақсылап тамақтандырдық. Ең бастысы: туыстары шетелде тұратын әскерилердің ол жаққа жылына бір рет тегін ұшып барып-келуіне жағдай жасадық.

Осылайша, қолымызда барды сақтап қалуға тырыстық. Міне, сөйтіп, өз армиямызды құра бастадық. Өз антымыз да болды.

Кезінде біз бүгінгіге қол жеткізу үшін қаншама қиындықтан өттік. Мардымды жалақымыз бен жағдайымыз болмаса да, бойымыздағы энтузиазммен осылайша ҚР Қарулы күштерін құрдық. Мұны бүгінгі ұрпақ білуі тиіс.

Абай Тасболатов, генерал-лейтенант, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Әскері қуатты ел алаңсыз өмір сүреді

  Жұрттың есінде шығар, алғаш тәуелсіздік алған жылдары қандай едік, қазір қандай­мыз?! Бүгінде Қазақстанның Қарулы Күштері де елмен бірге дамып, заманауи талаптарға сай жетіле түсуде. Қазақстан Президентінің Жарлығымен 1992 жылы құрылған Қарулы Күштер алғашқы бес жылда біраз қиыншылықтарды бастан кешірді. Әскери кадрлар жетіспеді. Ескі техника, жанармай тапшылығы қолбайлау болды. Соның бәріне төзіп, шыдамдылық көрсетіп, тұйықтан шыға білдік. Қазақстанның әскери тарихында осы алғашқы қалыптасу кезеңдері алтын әріптермен жазулы тұр.

Тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде еліміздің экономикасы айтарлықтай дамып, өмірімізде елеулі өзгерістер болды. Қазақстан өркениет көшінде кейін қалмай, дамыған елдер қатарына қосылу жолында үлкен жолдан өтті. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясаты нәтижесінде әлем таныған, мойындаған тәуелсіз еліміздің өркені өсіп, жаңа биік белестерді бағындыруды мақсат етіп отыр.       

Бүгінде Қарулы Күш­тердің алдында үлкен міндеттер тұр. Жыл сайын паркімізді әскери техниканың соңғы үлгілерімен белгілі деңгейде жаңартып келеміз. Бұл процесс енді бір 8-9 жылда Қарулы Күштерімізді әлемдік озық негізгі әскери күштер талаптарына сай толығырақ жарақтандыруға мүмкіндік береді. Бұл жерде мына бір жайға назар аудару керек. Әлемнің бірде-бір елінің армиясы қазіргі заманғы әскери техникамен 100 пайыз қамтамасыз етіл­меген. Өйткені әр техниканың белгілі уақытта ауыстырылуға тиісті өмір сүру циклі болады. Мерзімі келгенде конструкторлар оларды одан әрі жетілдіру, қуатын арттыру бағытында жұмыстар жүргізеді. Сол тұрғыдан келгенде біздің Қарулы Күштерімізде де стратегиялық маңызды көрсеткіштер үнемі анықталып отырады.       Мәселен, әлемдік әскери қару нары­ғын­дағы өзгерістерді, соңғы кездерде әр жерде болып жатқан соғыстар мен қарулы қақтығыстарды зерт­тей отырып, Қорғаныс министрлігінде, Бас штабта осы негізгі көрсеткіштерді ұдайы үйлестіріп отыруға назар аударылған. Ал бұл Қарулы Күштеріміз ең озық әскери техникамен жарақтандырыла береді деген сөз.        

Мемлекет тарапынан әскерилер үшін барлық жағдай жасалған. Қарулы Күштер бөлімдері үнемі түрлі деңгейде оқу-жат­тығулар өткізіп, әскери шеберлігін, кәсіби біліктілігін көтеріп отырады.

Біз Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымын­дамыз. Жыл сайын ұйымға мүше мемлекеттер әскерлерімен бірге әскери жаттығуларға қатысамыз. Жылдам әрі шалт қимылдайтын мобильді әскеріміздің бары сол жаттығуларда анық байқалады. Заманауи техника мен қару, білікті әскери мамандар кез келген жағдайда алға қойған мақсатына жете алады.                                              

Әскері қуатты ел алаңсыз өмір сүреді. Бүгін Қазақстан Қарулы Күштері сол тұрғыда жан-жақты жетілдірілу үстінде. Ендеше, еліміздің тыныштығы берік қолда деу керек.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"