ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

ҚР Қарулы Күштері жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді

ҚР Қарулы Күштері жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ресми сайтынан алынған фото

ҚР Қарулы Күштерінде «Қаратау – 2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуы басталды. ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың бұйрығы бойынша Қарулы Күштер мен әскер тектері барлық түрлерінің құрамалары мен бөлімдері жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді.

Аталмыш іс-шараның мақсаты әскерлердің жауынгерлік әзірлігін және белгіленген мерзімде арналуы бойынша олардың тапсырмаларды орындау қабілеттілігін тексеру болып табылады. «Қаратау – 2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуына шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік және батыс өңірлерінде орналасқа құрамалар мен бөлімдер тартылды. Оқу-жаттығуға барлығы 10 мыңға жуық әскери қызметші, 1500-ден аса бірлік жауынгерлік техника, 40-тан аса ұшақ пен тікұшақ, сондай-ақ Әскери-теңіз күштерінің корабльдері қатысуда. Жауынгерлік әзірлікке келтірілгеннен кейін әскери басқару органдары оқу-жауынгерлік тапсырмаларын алып, белгіленген аудандарға бөлімшелерді жедел алмастыруға кірісті.

 Бұл ретте әскерлерге бейтаныс жерде әрекет етуге тура келеді. Оқу-жаттығудың түпкі ойы бойынша күрделі жедел-тактикалық жағдай қарастырылған. Ол арқылы қолбасшыларға анағұрлым мақсатқа сәйкес шешім қабылдау, ал бөлімдер мен бөлімшелерге ұрыс алаңында шартты қарсыласқа шебер тұрғыда төтеп беру қажет болады. Қорғаныс министрінің бұйрығына сәйкес «Қаратау – 2017» оқу-жаттығуына жетекшілік ету Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевке тапсырылды.

Аталмыш оқу-жаттығудың ерекшелігі 4 бағытта әскерлердің ірі топтамасын бір уақытта басқару, Қарулы Күштер, әскер тектері, жауынгерлік және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімдері барлық түрлерінің өзара іс-қимыл жасауы, сондай-ақ әскери барлау күштері мен құралдарының мүмкіндіктерін тексеру болып табылады», - деді оқу-жаттығу жетекшісі генерал-лейтенант Мұрат Майкеев.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Армейские международные игры-2017: итоги в цифрах

Армейские международные игры-2017: итоги в цифрах