ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Құрлық әскерлерінің Әскери институты мен Әскери клиникалық госпитальге барды

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Құрлық әскерлерінің Әскери институты мен Әскери клиникалық госпитальге барды
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ресми сайтынан алынған фото

2017 жылға арналған ҚР Парламенті Сенатының негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес Алматы қаласы мен Алматы облысында Халықаралық қатынастар, қорғаныс пен қауіпсіздік бойынша Комитеттің көшпелі отырысы өтті.

Халықаралық қатынастар, қорғаныс пен қауіпсіздік бойынша Комитеттің көшпелі отырысы шеңберінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Халықаралық қатынастар, қорғаныс пен қауіпсіздік жөніндегі комитеттің төрағасы Дариға Назарбаеваның басшылық етуімен ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің Әскери институты мен ҚР ҚМ Әскери клиникалық госпиталіне барды. Көшпелі кездесуде сенаторлар Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу үдерісі және материалдық-техникалық базасымен танысты. Сапар барысында делегация 1-курс курсанттарының казармаларын, спорттық кешенін, оқу-тренажерлық кешенін қарап шықты.

 Онда әскери оқу тренажерларында курсанттардың практикалық іс-қимылдары көрсетілді. Институттың мәдени-тынығу орталығында сенаторлардың профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесуі өтті. Онда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен әскери білім беруді дамыту жүйесін іске асыру мәселелері қаралды.

 ҚР ҚМ Әскери клиникалық госпиталіне бару кезеңінде депутаттар ем-дом алу жағдайлары мен материалдық-техникалық базамен танысты. Көшпелі отырыс жұмысына Алматы облысының басшылығы, Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Талғат Мұхтаров, ҰҚК төрағасының орынбасары – ҚР Шекара қызметінің директоры генерал-майор Дархан Ділманов пен әлеуетті ведомстволардың әскери қызметшілері қатысқанын айта кету қажет. 

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: основные причины ДТП

Инфографика: основные причины ДТП