ҚР Парламенті Сенатының депутаттары әскери бөлімге барды

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің мүшелері Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның жетекшілік етуімен Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің 68665 әскери бөліміне барды.

Депутаттар авиациялық, броньды танкті және автомобильді техника мен зымыран-артиллериялық қару-жарақ жәдігері мұражайына барды.  Одан басқа, қонақтарға эталонды әскери техника, атыс қаруы үлгілерін, қазақстандық десантшы жауынгердің экипировкасын көрсетті. Сапар барысында делегация мерзімді қызмет  әскери қызметшілерінің әскери қызмет өткеру жағдайларымен танысты. Сенаторлар әскери қызметшілерге  әскери қызметтің беделін, әскери қызметшілер мен олардың отбасыларының әлеуметтік-құқықтық мәртебесін арттыруға бағытталған «Тұрғын үй қарым-қатынастары мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жаңа тәртібіне егжей-тегжелйі тоқтала өтіп, Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасы туралы айтып берді. Комитет төрағасы Д.Н. Назарбаева атап өткендей, аталған заңға Сенат депутаттары бастама танытты.   Енгізілген өзгертулерге сәйкес әскери қызметшілердің дербес шоттарына ай сайын тұрғын үй төлемдері аударылатын болады. Оның көлемі бір адамға 18 шаршы метр есебінен отбасы құрамы бойынша тиесілі нормаға көбейтілген тиісті деңгейдегі баспананың бір шаршы метрінің құнынан есептелетін болады. Баспана төлемдерін жекеменшікке баспана алу, оның ішінде, әрі қарай сатып алумен оның жалға алынуын төлеу үшін пайдалануға болады. Сондай-ақ бұл қаражатты тұрғын үй және тұрғын үй құрылыс кооперативіне қатысуға, тұрғын үй құрылыс жинағы түрінде қорлануын толтыруға және баспана жағдайын жақсарту үшін жіберуге болады.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"