ҚР Әскери-теңіз күштерінде баспасөз туры өткізілді

ҚР Әскери-теңіз күштерінде баспасөз туры өткізілді

Жуырда Қарулы Күштеріміздің беделін арттыру мақсатында өзара тығыз қарым-қатынас орнату ниетімен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысы
вице-адмирал Ж.Жанзақовтың жеке басшылығымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің Ақтау гарнизонында орналасқан 29011 әскери бөлімінің базасында саны 20 адамнан асатын жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының басшылығымен, журналисттер және блогерлермен Әскери-теңіз баспасөз туры өткізілді.

Баспасөз туры барысында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен пікірлесу үшін дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Сондай-ақ олар практикалық тұрғыда су басқанда немесе өрт шыққанда кемеде іс-қимыл жасау, ескекті қайықпен жүзу, сүңгуірлік тереңдікке түсу арқылы теңізшілер тыныс тіршілгімен танысты және тіптен жауынгерлік кемемен ашық теңізге шыға отырып, онда теңіз суын ішу дәстүрін орындай отырып, түгелдей Бас қолбасшы қолынан «Теңізші» сертификатын алды, бір күнге әскери теңізші кейпіне енді және осы аз уақыт ішінде өздерінің үлкен әсерге бөленгендіктерін айтып, осындай іс-шараларды тағыда ұйымдастыруды өтіне ниеттерін білдірді.

 

Капитан Ж.Тұяқбаева


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: основные причины ДТП

Инфографика: основные причины ДТП