2015 жылдан бастап Каспий маңы мемлекеттері арасындағы «Теңіз кубогы» халықаралық сайыстарына қатысып, 2 жыл қатарынан 2-ші орынды иемденіп келген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің әрқайсысының экипаж саны 30 әскери қызметшіден асатын «Сарыарқа» мен «Қазақстан» зымыран-артиллериялық кемелері Әзірбайжан Республиксында өтетін Әскери халықаралық ойындар аясындағы кезекті «Теңіз кубогы - 2017» сайысына аттанды.
Аталған кемелер осы сайысқа қатысу үшін арнайы іріктеп алынды, оларды іріктеу үшін мамыр айында кемелер экипаждарымен сайыс элементтері пысықталды, мәселен:
- артиллериялық оқ атуларды орындау;
- кеме төзімділігі және құтқару дайындығы бойынша сайыс;
- теңіз дайындығы бойынша сайыс.
Яғни, осы сайыстардан мүдірмей өткен кемелер Әзірбайжан Республикасына аттанып отыр. Аттанған кемелерді Әзірбайжан тарапы Пута портында әскери-теңіз дәстүрі бойынша салтанатты түрде оркестрмен қарсы алды.
Кездесу барысында сайысқа қатысушы мемлекеттер өкілдері
бір-бірімен жақын танысты және сайысты өткізу мәселелерін бірге талқылады.
Жалпы халықаралық сайыста Ресей Федерациясы, Иран Ислам Республикасы, Қазақстан мен Әзірбайжан Республикалары бақ сынайды, сайыс 1 тамыз бен 13 тамыз аралығында өтеді.
Капитан Ж.Тұяқбаева