ҚР Әскери-теңіз күштерінің әскерлері «Теңіз кубогы - 2017» сайысына аттанды

ҚР Әскери-теңіз күштерінің әскерлері «Теңіз кубогы - 2017» сайысына аттанды

2015 жылдан бастап Каспий маңы мемлекеттері арасындағы «Теңіз кубогы» халықаралық сайыстарына қатысып, 2 жыл қатарынан 2-ші орынды иемденіп келген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің әрқайсысының экипаж саны 30 әскери қызметшіден асатын «Сарыарқа» мен «Қазақстан» зымыран-артиллериялық кемелері Әзірбайжан Республиксында өтетін Әскери халықаралық ойындар аясындағы кезекті «Теңіз кубогы - 2017» сайысына аттанды.

Аталған кемелер осы сайысқа қатысу үшін арнайы іріктеп алынды, оларды іріктеу үшін мамыр айында кемелер экипаждарымен сайыс элементтері пысықталды, мәселен:

- артиллериялық оқ атуларды орындау;

- кеме төзімділігі және құтқару дайындығы бойынша сайыс;

- теңіз дайындығы бойынша сайыс.

Яғни, осы сайыстардан мүдірмей өткен кемелер Әзірбайжан Республикасына аттанып отыр. Аттанған кемелерді Әзірбайжан тарапы Пута портында әскери-теңіз дәстүрі бойынша салтанатты түрде оркестрмен қарсы алды.

Кездесу барысында сайысқа қатысушы мемлекеттер өкілдері
бір-бірімен жақын танысты және сайысты өткізу мәселелерін бірге талқылады.

Жалпы халықаралық сайыста Ресей Федерациясы, Иран Ислам Республикасы, Қазақстан  мен Әзірбайжан Республикалары бақ сынайды, сайыс 1 тамыз бен 13 тамыз аралығында өтеді.

 

Капитан Ж.Тұяқбаева


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: основные причины ДТП

Инфографика: основные причины ДТП