ҚР Әскери-әуе күштерінде запастан шақырылған офицерлерге арналған жиын өтті

Алматы облысының 65229 әскери бөлімінің базасында 2016 жылғы әскери оқу орындарының түлектері, сондай-ақ, келісімшарт бойынша қабылданған және ӘӘК қолбасшысының орынбасары полковник Еркін Жұмағалиевтің басшылық етуімен запастан шақырылған офицерлермен оқу жиындары өткізілді.

Жиынға қатысқан офицерлер Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының әскери және азаматтық ЖОО-ларды тәмамдаған. Ұшқыштардан, штурмандар мен авиациялық техниктерден басқа, Әскери-әуе күштерінің бөлімдерінде тар шеңберлі бағыттағы мамандар да бар. Ол қамтамасыз ету, байланыс және қызметтердің әртүрлі мамандары. 
 Атап айтқанда, авиациялық метеорологтар, әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз ету мамандары, автомобильшілер, жанар-жағармай материалдары қызметтерінің мамандары, психологтар,  әскери дәрігерлер, қаржыгерлер, байланыс мамандары.
Жиынның 30 қатысушысына Әскери-әуе күштерінің құрамы, құрылымы және арналуы, әскери қызмет өткерудің ерекшеліктері мен спецификасы, ҚР ҚК ӘҚК ӘӘК-нің жарақтандыруында тұрған ұшу аппараттарының үлгілері түсіндірілді. «Жас лейтенанттардың білім деңгейі жыл сайын өсіп келеді. Жиынның мақсатына қол жеткізілді.
Әрбір офицерге Әскери-әуе күштерінің үлкен және сан қырлы қызметіндегі оның жеке рөлі түсіндірілді. Барлық жас лейтенанттарға қызметте сәттілік, атқарып отырған лауазымдарын тез және толыққанды меңгерулерін тілеймін», - деп жиын жетекшісі полковник Еркін Жұмағалиев атап өтті.
Соңғы күні жиын қорытындысы шығарылып, бірқатар офицерлердің жоғары даярлығы атап өтілді. Сонымен, дене даярлығы бойынша лейтенант Біржан Сабырқожа, Макаров тапаншасынан оқ атуда лейтенант Хабиби Фадлиев, мемлекеттік-құқықтық даярлық бойынша лейтенант Нұрсұлтан Назаров ерекше көзге түсті.
Әскерлердегі қызметтің басталуы – бұл әскери оқу орындарының бітірушілері үшін ерекше кезең. Әскерлерге келетін жас офицерлерге жіті көңіл бөлу, кәсіби тұрғыда қалыптасуы мен әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешуде оларға көмек көрсетуден олардың әрі қарайғы қызметіне тікелей байланысты. Әрбір жас сардар өзінің әлеуметтік жағдайының тұрақтылығын сезініп, қызметтік өсуінің нақты келешегін, оның заңды құқықтары мен мүдделерінің қамтамасыз етілуі кепілдемесін көргені абзал.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"