Қостанайлық әскери міндеттілер оқу жиынына аттанды

Әскери оқу жиындарына Қостанай облысының жергілікті әскери басқару органдарымен жалпы 40-қа жуық әскери міндетті тартылады.

Жиынға қатысушылардың алғашқы легі – шамамен запастағы 20 сержант, солдат 3 қыркүйек күні Қарағанды облысы Спасск оқу орталығына аттанса, 10 қыркүйек күні запастағы 20-ға жуық офицер физикалық мүмкіндіктерін жетілдіріп, қару-жарақ пен әскери техникалардың жаңа түрлерін меңгеру үшін Алматы қаласындағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтына жіберілді. Қазан айында запастағы офицерлердің соңғы командасы Алматыдағы Құрлық әскерлерінің әскери институтына барады. Қазір уақытта запастағы жауынгерлер үшін дайындық кезеңі жүріп жатыр. Олар медициналық тексерістен өтіп, басқа да құжаттарын дайындау үстінде.

Әскери міндеттілердің мұндай жиыны облысымызда соңғы рет 2014 жылы өткендігін айтады Қостанай облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті жұмылдыруды жоспарлау бөлімінің бастығы Ерлан Тортаев.

–Әскери міндеттілердің әрқайсысы әртүрлі салада жұмыс істейді. Бұл азаматтардың қызметтеріне ешқандай кедергі келтірмейді. Олар оқу-жаттығуда жүрген кездерінде айлық жалақылары мен жұмыс орындары сақталады. Мұның бәрі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңымен белгіленген. Оқу-жаттығу жұмыстарына әскери міндеттілер облысымыздың әр аудандарынан жұмылдыруда. Әсіресе, Амангелді ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі аталмыш шара барысында белсенді жұмыс істеуде деп атап өтуге болады. Сонымен қатар шақырылушы азаматтардың өздерінің бойынан да патриоттық сезімдері оянып, әскери білім деңгейлерін жетілдіру мақсаты байқалады.

                                                                                                     Назгүл Шабдарова

Қостанай облысы Қорғаныс істері жөніндегі

                      департаментінің баспасөз хатшысы

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства