Қорытынды тексеру сабақтары

Қорытынды тексеру сабақтары

   «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 36803 әскери бөлімінің жеке құрамы 2018 жылдың бірінші оқу кезеңі бойынша қорытынды тексеру сабақтарынан сынақ тапсырды.

                                                                                                                                                    Шығыс

Жеке құрам саптық дайындық, атыс даярлығы, тактикалық әзірлік, жауынгерлік машиналарды жүргізу, техникалық және арнайы дайындық, әскери топография, мемлекеттік-құқықтық даярлық, дене даярлығы, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс бойынша сынақтан өтті. Оқу кезеңінде жеке құрамның алған білімі, взвод, батарея, дивизион командирлерінің жеке даярлығы, оларға бағынышты жеке құрамның ауызбіршілігі мен жауынгерлік тапсырманы жедел және дұрыс орындау деңгейі де тексерілді. Әскери қызметшілер мамандыққа қатысты қойылған сұрақтарға да жауап беріп, кәсіби біліктіліктерін байқатты. Мәселен, зымыран-техникалық дивизионы регламент батареясының есеп бастығы сержант Е.Рахметов бірінші оқу кезеңі бойынша қорытынды тексеру сабақтарынан барлық сынақтарды жоғары деңгейде тапсырды.    

   Айта кетейік, бақылау тексерісі әскери құрамалар мен бөлімдердің батальон басқармаларының, взводтардың, роталардың (батареялардың) жауынгерлік дайындығының шынайы деңгейін, жеке құрамның кәсіби дағдысын, құрылымдардың берілген оқу-жауынгерлік тапсырмаларды қысқа мерзімде орындауын тексеруді мақсат етеді. Сондай-ақ, құрылымдар мен олардың басқарма органдарының жауынгерлік әзірлік бағдарламалары мен жоспарларын жүзеге асырудағы және оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтаудағы жауынгерлік әзірлігі мен үйлесімділігінің деңгейін бағалауды да көздейді.

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Итоги "KADEX - 2018"

Итоги "KADEX - 2018"