Қоршаған ортаны қорғау – отанды қорғау

Қоршаған ортаны қорғау – отанды қорғау

Табиғатқа бәріміз де тамсанып, қадірлейтін шығармыз, бірақ көбіміз оны жүрегімізбен сүйе білмейміз. Жүрегімізбен сүйе алатын да шығармыз, алайда, оны қорғауға көңіл аудара алмаймыз. Әр адам үшін кіндік қаны тамып, туып-өскен жерінен қымбат мекен жоқ. Ендеше, балаларымыз туған елін, Отанын сүйетін азамат болсын десек, туып-өскен жеріміздің табиғатын алдымен өзіміз сақтап, қадірлей білуге тиіспіз. Қазіргі тәрбиенің қағидаты – осы.

Сырдария өзенінің аңғарларында өсетін тораңғыл дүние жүзінде өте сирек кездесетін ағаш түріне жатады. Оны ата-бабаларымыз «шөл даланың падишасы» деп қадірлеп, отын ретінде пайдалануға да, отқа жағуға да, кесіп, отауға да рұқсат етпепті. Оның сыртқы қабығы шырынды болғандықтан, мал кеміруге құмар екен. Әсіресе, жас көшеттеріне мал тісі тисе болды, өнбей қалуы әбден мүмкін көрінеді. Ол шөлді аймаққа төзімді және құм көшкінінен, аптап ыстықтан, жерді сортаңнан, тұзданудан қорғайды екен.
Көптеген өсімдіктер өсе бермейтін аймақтарда еркін жапырақ жаяды, яғни табиғаттың кез келген қаталдығына шыдамды ағаш. Оңтүстік өңірде сонымен қатар, «шөл даланың ханшайымы» саналатын сексеуіл де бар. Алайда, жерлестеріміз табиғаттың осындай керемет байлықтарын қорғауға, сақтауға келгенде, неге екенін, енжарлық танытады. Орман қорына қарасты аумақта мал жаюға болмайтынын да ескере бермейді. Сондықтан алдын ала орман билетін алмай, мал өрістетуге, шөп шабуға болмайтынын, орман-тоғайда жүрген тұяқтыларды қадағалап, ауыл әкімшілігіне тіркетіп, сырға салдырып, ветеринарлық егу жұмыстарын жүргізу керектігін назарда ұстаса дейміз.
«Отырар орман және жануарлар әлемін қорғау» мемлекеттік мекемесі орман қорын молайту мақсатында қара сексеуілдің ұрығын жинап, егу-себу жұмыстарын жүргізіп келеді. Сексеуіл өскен жерде жайылымдық үшін әртүрлі құнарлы шөптер де бой көрсетеді. Сондықтан, табиғат-ана сыйға берген осындай байлықтың қадірін түсіне білсек, осыдан артық сауапты һәм салихалы іс жоқ шығар. Табиғатты сүю – Отанды сүю, ендеше, табиғатты қорғау – Отанды қорғау екенін ұмытпағанымыз абзал.
А.БАЙЫМБЕТОВ, Оңтүстік Қазақстан облысы
Балтакөл орманшылығының орман басшысы

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений