Қорғаныс сауықтыру лагері өткізілді

Жуырда «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының жауынгерлік жоспарына сәйкес, 21742 әскери бөлімінде Қордай аудандық білім бөлімімен бірлесе отырып, 10 сынып оқушыларымен Қорғаныс сауықтыру спорттық лагері өткізілді. 

Іс-шараның өтуіне  Қордай аудан әкімдігінің білім бөліміне қарасты барлық мектептен 350-ге жуық оқушылар екі кезеңмен  әскери бөлімге келіп, әскери бөлімнің күнделікті тіршілігімен таныса отырып, сарбаздардың тұрмыс жағдайымен, қызметтері туралы мағлұмат алды.

Бірінші кезеңге келген оқушылар (165 оқушы) әскери бөлімнің өмірімен толық танысып, далалық оқу-жиынға қатысты. Оқушылар өздерінің алған әсерлерін бір-біріне мақтанышпен айтып, келешекте сарбаздар қатарына қосылатынын, Қазақстан армиясының қандай деңгейде дамығанын көзбен көріп мақтан тұтты. Қорғаныс сауықтыру спорттық лагерінде оқушылар арасында әскери эстафетадан сайыстар ұйымдастырылды. 

Ал, екінші кезеңмен келген оқушылар (158 оқушы) бөлімдегі техника және қару-жарақтардың мінездемелерімен танысып, әскери бөлімнің кез келген уақытта қарсыластан қорғана алатындарына көз жеткізді. Оқушылар сарбаздар асханасынан тамақтандырылып, бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник А.Абдуқадыров  алғашқы әскери дайындық сабағын өткізіп, біраз мағлұматтар берді. Сондай-ақ, бірқатар әскери жаттығулар болып, оқушылар сынға түсті. Өзін спорттық іс-шараларда жақсы жағынан көрсеткендер марапатқа ие болды. Мұның барлығы әскери бөлімге келген оқушылардың Отан қорғауға деген қызығушылығын арттырғаны анық. Мұны олардың ынталы кейпінен де аңғардық.

 

Капитан Е.Шағдабай

21742 әскери бөлімі


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"