Қорғаныс қабілеті мықты машина

«АРЛАН» броньды дөңгелекті машинасының қызметін 44736 әскери бөлімінің әскери қызметшілері «Шығыс» жалпыәскери полигонында жауынгерлікке жақын жағдайда тексерді.

   «АРЛАН» – минаға қарсы және баллистикалық қорғаныс қабілеті мықты жауынгерлік және арнайы міндеттерді орындауға бағытталған көп мақсатты машина. Экипаж бөлігінің баллистикалық қорғанысы, двигатель бөлігінің баллистикалық қорғанысы, жарылыстан арнайы қорғанысы бар маневрлі көп мақсатты бронемобиль калибрі 7,62мм 1000 оқ-дәріні, калибрі 12,7мм 400 оқ-дәріні, калибрі 40мм 96 оқ-дәріні қабылдай алады. Оптикалы-электрондық контейнер қару-жарақтың астына қондырылған. Стандартты түрде күндізгі ПЗС-камера мен лазерлік қашықтық өлшеуішті де қоса алады. Ішкі бөлігі 50 кг, мұнара биіктігі болса 80 см. Жауынгерлік салмағы 16 тонна.    

 

 

   Арлан НЕГМЕТЖАНОВ, «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС қауіпсіздік қызметінің бастығы: «Біздің зауыт 2015 жылы 30 қарашада еліміздің Президенті – ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен ашылды. Жеті айдан кейін машиналардың алғашқы партиясы шығарылып, «Оңтүстік», «Батыс», «Астана» өңірлік қолбасшылықтарына әскери сынақтан өткізу үшін 30 көлік берілді. «Арланның» жарқыншақтарға төтеп беруге және жарылыстың қуатын ыдыратып жіберуге мүмкіндік беретін үлкен жол саңылауы, V тәріздес түпшесі бар. Әрі кез-келген атыс қаруының от атуларына шыдайды. Әскери техника түгелдей өз елімізде жинақталады. Бүгінгі күні броньды дөңгелекті машинаға тапсырыс беруші Иордания мемлекетімен меморандум жасалып отыр. Кәсіпорынның полиция және құқық қорғау органдары үшін жаппай тәртіпсіздікті жоюға, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және арнайы операцияларды жүргізуге арналып жобаланған «Номад» броньды дөңгелекті машинасы, қорғанысы қуатты, мобильділік пен атыс қуатын қамтамасыз ететін «Барыс 6x6» профильді бронетранспортері, сондай-ақ, озық үлгідегі технологиялық шешімдермен жабдықталған көп мақсатты «Барыс 8x8» броньды машинасы да сұранысқа ие».

   Подполковник Василий ПОДГАЙЧЕНКО, 44736 әскери бөлімінің штаб бастығы – әскери бөлім командирінің бірінші орынбасары: «Ерекшелігі сол, жауынгерлік машина жүріп келе жатып қозғалыстағы және қозғалмайтын нысанаға атыс жүргізе алады. Күндізгі және жылуға ден қоюшы каналы, гиро-стабилизаторы, дәл баллистика үшін лазерлік қашықтық өлшеуіші, отты басқарудағы компьютерлі-бағдарламалық қамтамасыз етуші, атылған оқ-дәрінің есептегіші, соңғы оқ-дәрі туралы ескерту, қаруды қолмен қолдану мүмкіндігі зор. Сағатына 100 шақырымға дейін жылдамдықты үдете алады. Цельсияның -50 бастап +50 градусына дейінгі жағдайға бейімделген. Бір сөзбен айтқанда, күшейтілген минаға қарсы MRAP үлгісіндегі броньды машинаның теңдесі жоқ».

   Старшина Ержан ҚОҢЫРБАЕВ: «Броньды дөңгелекті «Арлан» машинасының базасында орнатылған қашықтықтан басқарылатын атқыш жүйесі бар (Stabilized Advanced Remote weapon Platform) модульді техника әскери бөлімге жуырда жеткізілді. Заманауи үлгіде жарақталған көлікті тиімді қолдануды қамтамасыз ету үшін «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС мен «Қазақстан Aselsan Инжиниринг» ЖШС қызметкерлері жеке құрамды оқытты. Көп мақсатты бронемобильді жүргізу және қаруландыру құқығына ие болған 42 адамға сертификат беріліп, «Шығыс» жалпыәскери полигонында күндізгі және түнгі сынақ сабақтары да болды».

   «Шығыс» жалпыәскери полигонында «Арлан» машинасы туралы жан-жақты ақпарат берілді. 44736 әскери бөлімінің әскери қызметшілері модернизацияланған Калашников пулеметінен, Драгуновтың мерген винтовкасынан, АК-74 қаруынан, ірі калибрлі ОСВ-96 мерген винтовкасынан «Арлан» машинасының броньді табағы мен броньді әйнегіне оқ атып, мергендіктерін де мойындатты. Ал, тактикалық арнайы жаттығуда барлаушылар жауынгерлік машинамен белгіленген ауданға жеткізіліп, арнайы міндеттерді орындау үшін армиялық шаңғымен алға жылжыды. «Арлан» бронемобилін жауынгерлікке жақын жағдайда сынақтан өткізу жоғары деңгейде ұйымдастырылды.   

   Айта кетейік, «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» және «Қазақстан Aselsan Инжиниринг» – қазіргі заманғы броньды дөңгелекті машиналар шығару жөнінен Орталық Азиядағы ірі кәсіпорындар. Басты мақсаты – қорғаныс өнеркәсібін дамытуда мемлекеттің стратегиялық мүддесін қамтамасыз ету, сапалы әскери-өнеркәсіптік өнім мен қызметті өндіру. Стратегиялық мұраты – қорғаныс мақсатындағы өнімнің өсуін және дамуын қамтамасыз ету, жаңа өндірісті дамыту, маңызды әлеуеті жоғары инжинирингтік қызмет пен машина құрылысының өнімдерін жаңарту, техникалық жағынан да қайта қаруландыру.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"