Қорғаныс министрлігінде кеңейтілген кеңес өтті

Астанада қысқы оқыту кезеңінің қорытындысы бойынша ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың басшылық етуімен ҚР Қарулы Күштерінің командалық құрамымен кеңейтілген кеңес өтті.

Жиналысқа Қорғаныс министрлігі мен Бас штабының басшылығы, ҚМ мен ҚР ҚК БШ құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары қатысты. Бейнебайланыс пішімінде отырысқа ҚР ҚК өңірлік қолбасшылықтары мен әскер тектерінің қолбасшылары тартылды. Кеңес барысында Қорғаныс министрі үздік нәтижелерге қол жеткізген үздік взвод және рота командирлерін көтермеледі. Қарулы Күштердің үздік бөлімшелері ретінде 558 взвод (топ), 204 рота (батарея) және 87 батальон (дивизион) басқармасы атанғанын айта кеткен жөн.

Жауынгерлік даярлықтағы керемет көрсеткшітері, әскери міндетті үлгілі орындағаны және 2017 оқу жылының қысқы оқыту кезеңінің қорытындысы бойынша 1-дәрежелі «Ел қорғаны» медалімен аға лейтенант Е.Б. Исаков, аға лейтенант А.А. Минко және лейтенант С.Т. Дәуленов, 2-дәрежелі «Ел қорғаны» медалімен аға сержант Д.Х. Жұмақанов, сержант М.А. Дүрәлиев, 2-сыныпты старшина Б.О. Жұмағұлов, кіші сержант А.Х. Қабаев, ҚӘ ӘИ 4-курс курсанты Д.А. Байжұма, ҚӘ ӘИ 4-курс курсанты А.А. Әлібеков, ӘҚК ӘИ 4-курс курсанты С.Б. Арын, ӘҚК ӘИ 4-курс курсанты А.Ж. Баймұрат, РЭБӘИИ 5-курс курсанты Қ.Т. Жұбандықов, РЭБӘИИ 5-курс курсанты Т.И. Мұқатаев марапатталды. Қысқы оқыту кезеңіндегі жауынгерлік даярлықтағы жоғары көрсеткіштері үшін 25744 әскери бөлімі артиллериялық дивизионының командирі майор Б.С. Сиезбаев пен 32363 әскери бөлімі материалдық-техникалық қамтамасыз ету батальонының командирі майор Г.А. Тасбаевқа мерзімнен бұрын «подполковник» әскери шені, 44803 әскери бөлімі зениттік-зымыран дивизионы бастапқы батареясының командирі капитан Е.Т. Жаманбалаевқа «майор» атағы, 53898 әскери бөлімі қауіпсіздік бөлімінің аға ұшқышы-нұсқаушысы (инспекторы) аға лейтенант Д.Т. Байтілесовке «капитан» әскери шені берілді.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"