Қорғаныс министрі тікұшақ құлаған жерге келді

Бүгін армиялық авиацияның тікұшағында әскери ведомство басшысы генерал-майор Н. Ермекбаев Ми-8 тікұшағы апатқа ұшыраған жерге келіп, оқиға орнында жұмыс жасап жүрген мамандардың баяндамаларын қабылдады.

Сапар барысында Қорғаныс министрі авиациялық апаттың себептері толық анықталғанға дейін бір типті тікұшақтардың (Ми-8, Ми-17, Ми-171) ұшуларын тоқтатуды, сондай-ақ «Алтын жебе» оқу-жаттығуы барысында осы тікұшақ типтерінің қолданылуын топшылайтын іс-қимылдарды тоқтатуды, авиациялық апатты жан-жақты әрі дәйекті тергеп-тексеруді ұйымдастыру мен өткізуді, ұшуды қамтамасыз етуге қатысқан барлық қызметтер мен лауазымды адамдардың іс-қимылдарына баға беруді, авиациялық апатқа әкеп соқтырған барлық жағдайды анықтауды тапсырды. Сондай-ақ ауа райының қауіпті құбылысына тап болған жағдайда әрекет ету тәртібі бойынша ұшу және инженерлік-техникалық құраммен қосымша тренаж ұйымдастыруды тапсырды. Сонымен қатар іздестіру мен шұғыл сәйкестендіруді, сот медициналық сараптаманы қамтамасыз ету және тергеу органдарымен келісу арқылы мәйітті жерлеу орындарына жеткізуді тапсырды. Жергілікті атқару органдарымен өзара әрекет етуде жерлеуге арналған учаскелердің бөліну мәселесін шешу және әскери жөн-жоралғыны сақтай отырып, әскери қызметшілерді жерлеуді қамтамасыз ету. Қаза тапқан әскери қызметшілердің туысқандары мен жақындарына қажетті психологиялық,  материалдық және өзге де көмек көрсету мен  барлық әлеуметтік кепілдемелермен қамтамасыз ету, заң бойынша барлық тиесілі әлеуметтік кепілдемелер мен төлемдерді іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қаза болғандардың отбасыларының әлеуметтік мәселелерін шешу, шефтілік пен әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне көмек көрсетуді ұйымдастыру үшін командалық құрам санынан жауапты лауазымды адамдарды бекіту туралы шешім қабылданды. Оқиға болған жерде Қорғаныс министрлігінің арнайы құрылған комиссиясы өз жұмысын жалғастыруда. 



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"