ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

Қазақстанның Қарулы Күштеріне – 25 жыл

Бүгінгі біздің мақаламызда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 25 жыл мерейтойы аталуына байланысты болып тұр. Ата-бабамыз мұра ретінде қалдырған ұланғайыр жерімізді бүгінде ержүрек ерлер қорғап келеді. Отанымызды қорғауда әр мемлекетіміздің азаматтарының ізгі ниеттерімен жасаған үлесі көп болды. Алып ауыт мемлекет Кеңес Одағы ыдыраған уақытта қиын қыстауда Сағадат Нұрмағанбетов секілді бастаған алып тұлғалы ағаларымыз еліміздің шетін жау баспасын деген оймен өз Отанымыз Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштерін құруға кірісті. Қазіргі таңда елдегі тыныштыққа бірден бір себепкер осы болып табылады. Осындай ел қорғаушыларының бірі  – Махамбет Өтемісұлы мен Исатай Тайманұлы бабаларымыздың жолын қуған ат үстінде жауға шапқаннан бөлек, жыр жырлап өлең салған 10216 «Д» әскери бөлімнің әскери қызметшісі ефрейтор Абылай Сейдеметұлы ТҰРҒАНАЛИЕВ аты затына сай азаматымыздың мына өлең жолдарын ұсынамыз.

 

25 ЖЫЛ ӘСКЕРІМЕ БҰЛ КҮНДЕ

 

Бабалардан қалған бізге мұра боп,

Ұлан байтақ жерді мақтан қыламын,

Бұған талай келеді ұрпақ куә боп.

Соған арнап жазып келеді жыр әнін.

 

Тәуелсіздік арманы ғой бабамның.

Сан ғасырлар жан жүрегін тырнаған,

Сұлулығын мынау байтақ даламның.

Тамсандырып талай ақын жырлаған

 

Міне осы, гүл жайнаған далада

Әскері жүр күндіз-түні күзеткен

Ширек ғасыр өтсе-дағы арада,

Салауатты игі істерін із еткен.

 

25 жыл әскеріме бұл күнде.

Нар жігіттей буындары қатайған.

Әскерің бар! Қайран халқым түңілме.

Талай елде абыройы аталған.

 

Ел әскерсіз, әскер елсіз болмайды.

Ел әскерсіз болса егер сол қайғы.

Әскерменен қабырғасы қатайған.

Елдің сағы еш уақытта сынбайды.

 

Тәуелсіздік және оның әскері

Айнымастай екеуі егіз ұғымдай.

Екеуінің қолбасшысы, басты Ері

Елбасымыз, дара туған ұлындай!

 

Үстем болсын Әскер – әркез мерейің!

Сенің мәңгі қуатыңа сенейік.

Бабалардың рухы әрқашан қолдасын

Бейбіт күннің шапағатын көрейік!   

 

 

                                                                                                                               Аға лейтенант А.СЕРІКОВ

                                                                           Әуе қорғанысы күштері 10216 «Д» әскери бөлім командирінін

                                                                                                                                                  ТжИЖЖ орынбасары


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: минно-тральный корабль "Алатау"

Инфографика: минно-тральный корабль "Алатау"