Қазақстанның Қарулы Күштерінде РХБ қорғау әскерлерінің бөлімшелерімен далалық сабақтар өтуде

Өңірлік қоллбасшылықтар мен десанттық-шабуылдау әскерлерінің радиациялық, химиялық және биологиялық  (РХБ) қорғау әскерлерінің мамандары практикалық сабақтар өткізу үшін полигондарға шығарылды.

Далалық сабақтар әскери бөлімдердің орналасу орындарындағы полигондарда өтуде. Алаңдағы практикалық сабақтарға радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімшелері тартылды. Оқу іс-шараларына 100-ден аса бірлік қару-жарақ, әскери және РХБ қорғаудың арнайы техникасы тартылды. Сабақтар барысында әскери қызметшілер жердің радиациялық, химиялық және биологиялық залалдануын анықтау және РХБ барлауды жүргізу жөніндегі тапсырмаларды пысықтайды.  Мамандар БРДМ-2рхб химиялық барлау машинасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, дозиметриялық және химиялық бақылау жүргізеді, сондай-ақ шартты қарсыластың жаппай жою қаруын қоолдануы, химиялық және биологиялық тұрғыдағы қауіпті нысандарды қирандыларынан кейін жағдайдың бағасын береді.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"