Қазақстанның Қарулы Күштерінде Құрлық әскерлері кіші мамандарының шығарылымы өтті

Қазақстанның Қарулы Күштерінде Құрлық әскерлері кіші мамандарының шығарылымы өтті
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ресми сайтынан алынған фото

«Отар» 40-шы әскери базасының аумағында кіші мамандар әскери мамандықты меңгергені туралы куәліктерге ие боллы. Бұл куәлік оларға іс жүзінде алған білімдері мен дағдыларын көрсетуге мүмкіндік береді.

Бес ай ішінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер Қарулы Күштер қатарына шақырылғаннан кейін механик-жүргізуші, жаяу әскердің жауынгерлік машиналары, танктері, артиллериялық және зениттік өздігінен жүретін қондырғылардың көздеуші операторы секілді мамандықтар бойынша дайындықтан өтті.

«Тренажер-симулятордардың оқу-материалдық базасы, оқу әдебиеті, оқу-жауынгерлік топтың техникасы, полигондар мен атыс орындарының болуының арқасында оқыту сапалы деңгейде өткізілді. Үйренушілер жақсы теориялық білімдері мен практикалық машықтарын көрсетті.

Әрбір кіші маманды дайындаудың ар жағында көптеген адамдардың еңбегі, оқу-тәрбие үдерісіне қатысушылардың үлесі жатыр», - деп оқу орталығының командирі полковник Дәулет Қашқымбеков атап өтті. Қазіргі уақытта оқу орталығының түлектері Құрлық әскерлерінің барлық құрамалары мен бөлімдері бойынша таратылды және салтанатты шығарылымнан кейін әрі қарай қызмет өткеру орындарына жөнелтілді. Ол жерде жақын арада өздерінің міндеттерін атқаруға кіріседі.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений