Қазақстанның Қарулы Күштерінде оқытудың жазғы кезеңі басталды

Оқытудың жазғы кезеңі шеңберінде 2017 жылға арналған жауынгерлік әзірлік жоспарына сәйкес 1 – 9 маусым кезеңінде Қазақстанның Қарулы Күштерінде әскерлердің жауынгерлік әзірлігі мәселелері бойынша тактикалық-саптық сабақтар өтеді.

Барлық әскери бөлімдер мен құрамаларда жауынгерлік оқудың жаңа кезеңінің басталуына байланысты сапқа тұрулар болды. Сапқа тұру барысында салтанатты жағдайда жаңадан келген әскери қызметшілерге атыс қаруын тапсырып, әскери техниканы бекітті.

Оқытудың жазғы кезеңінің бірінші аптасы барысында бөлімшелер мен бөлімдерді жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейлеріне келтіру жөніндегі әскери қызметшілердің білімдері мен дағдылары тексеріледі. Кейіннен оқытудың жазғы кезеңіндегі жауынгерлік оқумен байланысты іс-шаралар өткізіледі. Олардың мақсаты  – әскерлерді жауынгерлік және жедел басқару жүйесін жетілдіру. Әскери қызметшілер алдында алдымыздағы оқу кезеңінде жауынгерлік даярлықтың деңгейін арттыру жөніндегі міндеттер тұр және бөлімшелерді шоғырланудың аяқтау кезеңінде әртүрлі тактикалық оқу-жаттығулар өткізіледі.

2017 оқу жылының жазғы оқыту кезеңінде ҚР Қарулы Күштерін даярлау іс-шаралары мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді және өткен оқыту кезеңінде қол жеткізген жауынгерлік оқудың нәтижелерін ескере отырып жоспарланған.

Әскери ведомствоның басшылығы «Қарулы Күштердің 25 жылдығына – жоғары жауынгерлік дайындық!» атты осы жылғы жауынгерлік сайыстың ұраны өз мазмұнын ақтайтынына және Қазақстанның Қарулы Күштері әскери бөлімдерінің жеке құрамы оны сапалы көрсеткіштермен аяқтайтынына сенім білдіреді.  


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"