Қазақстанның Қарулы Күштерінде жауынгерлік әзірлік бойынша сабақтар жалғасуда

ҚР Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен құрамаларында жазғы оқыту кезеңі басталар алдындағы тактикалық-саптық сабақтар жалғасын табуда.

Бүгінгі күні тактикалық-саптық сабақтар рота (батарея, буын), батальон (дивизион, эскадрилья, 3-дәрежелі корабльдер) құрамында, бригадаларда, полктерде, базаларда, өңірлік қолбасшылықтарда, әскер тектерінде, Қарулы Күштер түрлерінде жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру бойынша жалғасуда.

Әскери бөлімдерде жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру кезінде функционалдық міндеттерді орындау, бақылау тобының жұмысын ұйымдастыру, бөлімше штабтары және толымдаушы жергілікті әскери басқару органдарымен, аумақтық қорғаныс бөлімдері мен бөлімшелерінің басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасаубойынша сабақтар өткізілуде. Сондай-ақ тактикалық-саптық сабақтар барысында зымырандарды, оқ-дәрілер мен материалдық-техникалық құралдарды тиеу, авиациялық техниканы қабылдау үшін шоғырландыру және авиациялық комендатуралар аудандарына шығуға корабльдерді дайындау жөнінде жаттықтырулар ұйымдастырылды.

Бөлімшелердің роталық лектерді қалыптастыру аудандарына шығуы және жылжымалы басқару пункттерінің өрістетілуі жүзеге асырылуда. Барлық басқару органдарында топтамаларды жасақтау мен әскерлерді қаржылай қамтамасыз ету бойынша жан-жақты қамтамасыз ету, резервтерді дайындау жөнінде бірлескен штабтық жаттығулар өткізілуде. Басқарудың барлық буындарында «батальон – бригада – өңірлік қолбасшылықтар – әскер тектері – Қарулы Күштердің түрлері» буынында радиожаттығулар өткізілуде.

Өңірлік қолбасшылық әскерлері мен әскер тектерінің, түрлер бас қолбасшыларының басқармасында жедел тапсырмаға сәйкес шешім әзірлеу жөнінде бірлескен штабтық жаттығулар өткізілді. Барлығы ҚР Қарулы Күштеріндегі жазғы оқыту кезеңінде жедел даярлық бойынша, оның ішінде, халықаралық сипаттағы 60-тан аса іс-шара жоспарланған.Жазғы оқыту кезеңі барысында ҚР ҚК әскери бөлімдері мен құрамаларының әскерлері мен жеке құрамының жауынгерлік даярлық деңгейін сапалы тұрғыда арттыру басымдық бағытқа айналады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"