Қазақстанның Қарулы Күштерінде жауынгерлік әзірлік аптасы басталды

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің барлық бөлімдері мен бөлімшелерінде жауынгерлік әзірлік бойынша іс-шаралар басталды.  Ерекшелігі түнгі уақытта жоғары жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру мәселелерін пысықтау болып табылады. Бұл ретте диверсияға қарсы қауіпсіздікке ерекше назар аударылады.

Түрлер мен әскер тектерінің әскери қызметшілеріне кәсіби жауынгерлік және дене даярлығының негізгі нормативтері бойынша сынақ тапсыруға тура келеді, бөлімшелер әскери техниканы тарта отырып, берілген аудандарға марш жасайды. Іс-шаралар қарапайымнан күрделіге қағидаты бойынша өткізіледі. Ең алдымен бөлімшелер мен взводтар, әрі қарай роталар мен батальондар, әскери бөлімдер, өңірлік қолбасшылықтар (әскер тектері) деңгейінде, содан кейін әскер түрлері деңгейінде және Қарулы Күштер ауқымында. Бүгін Қорғаныс министрлігі Орталық аппаратының әскери қызметшілері 68665 әскери бөлімінің полигонында атыс даярлығы бойынша сынақ тапсырды. Офицерлер мен сержанттар Макаров тапаншасы мен Калашников автоматынан оқ атты.  Басқару органдарында жекелеген және бірлескен штабтық жаттықтырулар өткізілді. Жауынгерлік әзірлік аптасы армияның шынайы мүмкіндіктерін, түрлер мен әскер тектері бөлімдері мен бөлімшелерінің қысқа мерзімде жан-жақты дайындықты жүзеге асыру қабілеттілігін тексеруге, қарсыласпен ұйымдасқан түрде ұрысқа кірісуге және қойылған тапсырманы орындауға мүмкіндік береді. Бүгін әскери жанжалдардың сипаты күрт өзгеруі, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техниканың заманауи үлгілері енгізілуі жағдайында  әскери қызметшілерден жан-тәнімен толық беріліп істеу, сапалы білім алу, жоғары шеберлік пен жылдам ауысатын ахуалға жедел ден қою шеберлігі қажет етіледі.  Әскери қызметшілердің айтуынша, толық жауынгерлік әзірлікте болу үшін өз-өзінді қамшылап, әрдайым физикалық тұрғыда шынығу, ерлік, табандылық, шыдамдылық, тәртіптілік пен атқарушылық сынды қасиеттерді баулу қажет.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"