Қазақстанның Қарулы Күштерінде батальондық тактикалық топтармен оқу-жаттығулар өтуде

Жауынгерлікке барынша жақындатылған жағдайларда бөлімшелердің далалық машығы мен үйлесімділіктерін жетілдіру мақсатында Қазақстанның Қарулы Күштерінде батальондық тактикалық топтармен оқу-жаттығулар басталды.

Бүгінде барлық әскери бөлімдер мен құрамаларда толық жауынгерлік әзірлікке келтіре отырып, батальондық тактикалық топтардың оқу-жаттығулары басталды. Оқу-жаттығудың басты мақсаты жеке құрамның үйлесімді іс-қимылына қол жеткізу, іс жүзінде білімдерін пысықтау және дағдылары мен шеберліктерін автоматты түрге дейін жеткізу. Командирлер жауынгерлікке жақындатылған жағдайларда бөлімшелерді шебер әрі білікті басқаруды шыңдауда. Әскери бөлімдер мен құрамалардың әрқайсысы оқу-жаттығудың төрт кезеңі бойынша өздерінің тапсырмаларын орындайды.

 Мәселен, бітімгерлер елді мекенді қоршау, бейбіт құралдармен шиеленісті реттеу үшін жағдай жасауда өздерінің шеберліктері паш етіп, халықаралық міндеттемелерге сәйкес жауласушы тараптарды бөлу жөніндегі бітімгершілік операцияға қатысуы тиіс. Барлау бөлімшелерінің алдында көрсетілген ауданда заңсыз қарулы құралымдарды анықтау және жою тапсырмасы тұр.

 Жауынгерлік оқ атуларды өткізу кезінде өткізіліп жатқан оқу-жаттығулар барысында негізгі назар дұрыс тактикалық іс-қимылдарға, ұрыста қаруды шебер әрі тиімді қолдануға және бөлімшелердің атысын басқаруға, сондай-ақ қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға аударылады. Оқу-жаттығу полигондарында күндіз және түнде жерүсті және әуе нысаналары бойынша атыстың жүргізілуін қарастыратын қажетті жағдай жасалған. Жалпы алғанда, оқу-жаттығуға 4000-нан аса әскери қызметші, 300 бірліктен аса қару-жарақ пен әскери техника қатысуда. Батальондық тактикалық топтардың оқу-жаттығулары ағымдағы жылғы 25 тамызға дейін созылады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"