Қазақстанның Қарулы Күштерінде артиллериялық бөлімшелердің жиыны өтуде

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері құрамалары мен әскери бөлімдері басқару органдарының дайындық жоспарына сәйкес өңірлік қолбасшылықтардың оқу-жаттығу полигондарында артиллериялық бөлімшелердің жиыны өтуде.

Жиынға 3000-нан аса әскери қызметші және шамамен 600 бірлік әскери техника қатысады. Жеке құрам бір ай бойы шынайы жауынгерлік жағдайға жақындатылған далалық жағдайларда болды. Аталмыш іс-шара арналуы бойынша тапсырмаларды орындауға бөлімшелердің әзірлігін тексеру, далалық машықтарын, ұрыстың әр түріндегі іс-қимылдар кезінде үйлесімділікті арттыру үшін өткізілуде. Жиын барысында сондай-ақ мамандардың жеке шеберлігі ұшталып, командалық құрамның дағдысы жақсаруда.

Жиын барысында тактикалық оқу-жаттығулар өткізілуде. Онда марштағы артиллерияшылардың іс-қимылдары, атыс позицияларын өрістету және орналасу, оларды инженерлік жабдықтау және бүркемелеу, нысаналарды барлау және атысты басқару бойынша нормативтер пысықталатын болады. Одан басқа, штаттық қару-жарақтан, яғни, минаатқыштардан, гаубицалар мен дүркін атыс реактивті жүйелерінен практикалық оқ атулар орындалады. Артиллериялық бөлімшелердің жиыны ағымдағы жылғы 4 тамызда өз мәресіне жетеді7

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"