Қазақстанның Қарулы Күштері түнгі уақытта оқу дабылы бойынша көтерілді

Бүгін түнде оқу дабылының белгісі бойынша Қазақстанның Қарулы Күштері жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді. Осы жылы түнгі уақытта әскерлер алғаш рет көтерілді. Бұл қазақстандық армияның жауынгерлік әзірлігінің ағымдағы тексерісінің ерекшелігі болып табылады. Бұл ретте диверсиялық қауіпсіздікке ерекше назар аударылды.

Бөлімшелер жедел тапсырма алды, оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындады. Қарулы Күштер ауқымындағы оқу дабылы – ағымдағы апта бойы еліміздің Қарулы Күштерінде өтіп жатқан жауынгерлік әзірлік бойынша сабақтардың соңғы бөлігі. Іс-шаралар қарапайымнан күрделіге қағидаты бойынша өткізілді. Ең алдымен бөлімшелер мен взводтар деңгейінде, әрі қарай роталар мен батальондар, әскери бөлімдер, өңірлік қолбасшылықтар (әскер тектері), содан кейін әскер түрлері мен жалпы ҚР ҚК деңгейінде өтті. Түрлер мен әскер тектерін, өңірлік қолбасшылық әскерлерін басқару органдарында әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде штабтардың үйлесуі бойынша жекелеген және бірлескен штабтық жаттықтырулар өткізілді. Әскери қызметшілер кәсіби жауынгерлік және дене даярлығының негізгі нормативтері бойынша сынақ тапсырып, графикалық және өзге де жауынгерлік құжаттарды әзірледі. Әскери жанжалдар сипатының күрт өзгеруі, сондай-ақ, қару-жарақ пен әскери техниканың заманауи үлгілерінің енгізілуі жағдайында әскери қызметшілерге өздерінің теориялық және практикалық білімдерін жетілдіру, қысқа мерзімде жан-жақты дайындықты жүзеге асыруға, ұйымдасқан түрде қарсыласпен ұрысқа түсуге және қойылған тапсырманы орындау үшін ұдайы жауынгерлік әзірлікте болу маңызды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"