Жауынгерлік даярлық сабақтары аясында ҚР Қорғаныс министрі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен құрамаларын оқу-жаттығу дабылы бойынша көтерді.
Жауынгерлік даярлық бойынша тактикалық-саптық сабақтардың қорытынды кезеңінде Қорғаныс министрі Қарулы Күштерді белгіленген деңгейде жауынгерлік даярлыққа келтірді. Басқару органдары, құрамалар, әскери бөлімдер мен мекемелер жауынгерлік даярлық деңгейіне сәйкес қарастырылған кешенді іс-шараларды орындады.
Әскери ведомстваның басшысы Қорғаныс министрінің орынбасарларын, әскер түрлерінің бас қолбасшылары мен тектердің қолбасшыларын жауынгерлік даярлық дабылы бойынша атқарылған іс-шараларын тыңдап, алдағы уақыттағы іс-қимыл бойынша міндеттерін нақтылады. Өткізілген сабақтар аясында Қарулы Күштер түрлерінің басқару органдарымен, өңірлік қолбасшылық әскерлерінің және әскер тектерінің қолбасшыларымен Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевтің басшылығымен арнайы жауынгерлік операцияларды ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша бірлескен штабтық жаттығулар жүргізілді.
Қорғаныс министрлігі мен Бас штаб басшылығы өткізген іс-шаралардың нәтижелері бойынша тактикалық-саптық сабақтарда, басқару органдары әскерлерді басқару дағдыларын жетілдіруде, бөлімшелердің далалық ептілігін арттыру жөніндегі мақсатқа қол жеткізді.
Естеріңізге сала кетсек, басқару органдары мен жеке құрамның іс-қимыл жинақылығын арттыру мақсатында ағымдағы жылдың белгіленген 4-8 желтоқсаны кезеңінде Қазақстанның Қарулы Күштерінде жүктелген міндеттерді орындауда тактикалық-саптық сабақтар өткізілді.