Қазақстанның армиялық альпинистері сертификаттарға ие болды

Талдықорғанда Еуропаның ең биік Эльбрус шыңын (5642 метр) бағындырған әскери қызметшілерге сертификаттарды табыстау рәсімі өтті.

Сертификаттарды ҚР ҚМ Спорт комитетінің төрағасы – Армия орталық спорт клубының бастығы полковник Расул Мейріманов пен танамыл қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев тапсырды. 2017 жылдың тамызында Кабардин-Балқарда Армия халықаралық ойындары шеңберінде «Эльбрус тегеуріні» байқауы өткен болатын. Бұл байқаудың шарты биіктігі 5642 метрлік Эльбрус шыңын бағындыру болды.
Аталмыш сайыстарға Қазақстан, Қытай, Иран, Марокко, Ресей және Өзбекстанның командалары қатысты. Он күнге созылған сайыс күні ішінде әскери қызметшілер салмағы 40 келіден асатын толық керек-жарақта жалпы 3,5 шақырымдық ұзындығы 105 шақырымдық бағдардан өтті. Сегіз таулы асуды, үш мұздықты, үш таулы өзенді еңсеріп, еуропалық континенттің жоғары нүктесін бағындырды.
«Былтырғы жылы байқау бағдарламасы күрделі әрі тартысты болды. Бірақ, бұған қарамастан, біз екінші жалпы командалық орынды еншіледік. Альпинистеріміз одан да зорына қабілетті және алдағы сайыста кәсіпқойлықтары мен шеберліктерін паш ететініне сенімдімін», - деп Спорт комитетінің төрағасы полковник Расул Мейірманов атап өтті.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"