Қазақстанның әскери ұшқыштары ресейлік әуе базасында жаттығуда

Су-27 және МиГ-29 ұшақтары мен тікұшақтарының, Су-25 шабуылдағыштарының, сондай-ақ, Ми-8 бен Ми-17 көліктік-жауынгерлік тікұшақтарының экипаждары Ресейдегі Дубровичи полигонына ұшып барып, жаттығуларға кірісті. Бұл ірі сайыс – «Авиадартс-2016» халықаралық байқауы алдындағы әскери ұшқыштарымыздың соңғы дайындық жұмыстары.

Ұшу құрамы қарқынды жаттығуда, әуеайлақтарда инженерлік-техникалық құрам мен ұшуларды жерүсті қамтамасыз ету мамандары ұдайы әзірлікте. Бұл байқауда Қазақстанның намысын қорғайтын ұшқыштар – капитан Григорий Кондратюк, Әділ Ысқақов, Азат Абдуллин және Владимир Железнов – «Авиадартсқа» екінші мәрте қатысқалы отыр. Олар қарсыластардың сайысуы мен мүмкіндіктері туралы хабардар. Алайда, бұдан жауапкершілік пен толқыныс азаяр емес. «Мұндай халықаралық деңгейде еліміздің намысын қорғау – біз үшін үлкен абырой. Конкурста лайықты қарсыластар болатыны сөзсіз. Ұшқыштарымызда әлеует, тәжірибе және ең бастысы – жеңіске жетуге деген құлшыныс бар», - деді капитан Григорий Кондратюк. Қатысушылардың айтуынша, ұшу және инженерлік-техникалық құрамдар үшін бұл байқау жақсы практика болып табылады. Біріншіден, ол жауынгерлік жағдайларға жақындатылған. Екіншіден, қарсыластарына өз деңгейіңді көрсетіп, үздіктердің тәжірибесін жинақтауға болады. Ал үшіншіден, Әскери-әуе күштеріміз бен жалпы, Қарулы Күштердің беделін көтеруге мүмкіндік бар. Байқауда ұшу экипаждарымызға Ресей, Әзірбайжан, Қытай, Пәкістан және Беларусьтің ұшқыштарымен бақ сынасуға тура келеді. «Авиадартстың» бағдарламасы өте ауқымды. Яғни, пилотаждау, навигация техникасына ұшақтар мен тікұшақтардың экипаждарына арналған ұшу тапсырмалары, көзбен шолып әуеден барлау бағдарлары, сондай-ақ, жерүсті нысаналар бойынша жауынгерлік қолдану.   Барлық ұшулар қарапайым метеорологиялық жағдайларда орындалады. Байқау соңында ұшқыштар шыдамдылық пен шапшаңдылық бойынша дене даярлығы тұрғысында сайысқа түседі. Байқау тамыздың 1-і мен 12-і аралығында Армия халықаралық ойындары-2016 шеңберінде өтетінін айта кетейік.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"