Қазақстанның Әскери-теңіз күштерінде 3600-ге жуық корабльді оқу-жаттығу өткізілді

Қазақстанның Әскери-теңіз күштерінде 2016 жылдың қорытындысы шығарылды. Оқу-жауынгерлік қызметтің талдауы жауынгерлік даярлықтың қарқындылығы 25,5%-ға және әскери корабльдердің жүзіп өтуі 35,4%-ға ұлғайғанын көрсетті.

ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысыныңі ақпараты бойынша өткне жылы барлығы 3 600-ге жуық корабльді оқу-жаттығу өткізілді. 2015 жылы олардың саны 2600 құрады. Корабльдердің жалпы жүзіп өтуі 240-тан аса тәулікті құрады, яғни, әскери теңізшілер теңізде шамамен 5800 сағат өткізді. Жалпы алғанда, 2016 жылы әскери теңізшілер 30 мыңнан аса миля жүзіп өтті. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 48,3 пайызға көбірек болып отыр. Жедел дайындық шеңберінде Әскери-теңіз күштері бір жыл бойы оның ішінде, Ақтау Ақтау гарнизонының әскери бөлімдерін, сондай-ақ, өзге де әскер түрлері мен әскер тектерінің құрамынан жедел топтарды тарта отырып, жедел-тактикалық жиындар, командалық-штабтық жаттықтырулар, командалық-штабтық және тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізді.

 Жауынгерлік даярлықта қару-жарақ пен әскери техниканы қолдану дағдыларын жетілдіруге, бөлімшелер мен корабльдердің үйлесімділігіне жіті назар аударылды.  Қазақстан ӘТК әскери корабльдерінің экипаждары корабльді ұйымдастыру мен оны ұрыс пен жорыққа дайындау, жеке дара корабльдің жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізуі, біртекті (әртекті) тактикалық топтың жауынгерлік іс-қимылдарды дайындауы мен жүргізуі, корабльдерді жалғануы бойынша үш курстық тапсырманы пысықтады.  Курстық тапсырмаларды пысықтаудың ерекшелігі жауынгерлік даярлық бағдарламаларына Армия халықаралық ойындарына қатысу үшін теңіз биатлоны элементтерінің енгізілуі болды.

Бір сөзбен айтқанда, «Орал» зымыран-артиллериялық кораблі «Каспий теңізі – 2016» байқауында екінші орынды еншілеп, 2015 жылғы Армия халықаралық ойындарында «Сарыарқа» зымыран-артиллериялық кораблінің сәтті шыққан дебютін қайталады. 2016 жыл Әскери-теңіз күштерін инфрақұрылымын дамытуда айрықша оқиғаға толы жыл болғанынан айта кеткен жөн. Ақтауда әскери корабльдер мен кемелердің тұрақтауына арналған алғашқы пирс ашылды.

Жеке меншік тұрақтау пункті әскери теңізшілерге Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы ықтимал қауіп-қатерлерге тиімді әрі уақтылы ден қойып  және қажет болған жағдайда корабльдердің шоғырлану аудандарына шығуды жедел жүзеге асырып қана қоймай, сонымен бірге, материалдық-техникалық қамтамасыз етудің барлық түрлерімен қамтамасыз ету және жеткізіп беруді ууақтылы ұйымдастыруға мүмкіндік береді.  Әскери-теңіз күштерінің әскери-техникалық құрамдасы да назардан тыс қалған жоқ. Оралда отандық «Зенит» зауытында құрастырылған арнайы мақсаттағы бөлімшелерге арналған алғашқы арнайы катер суға түсірілді. База су айдыны, кемежай, кеме жолы мен Каспийдің жаға маңындағы бөлігінде минаға қарсы қорғанысты қамтамасыз ету үшін жарақтандыруға «Алатау» мина-тартқыш кораблі келіп түсті.

 Ал Каспий теңізінің суасты су айдынын, сүңгуірлердің жаттықтыру керек-жарағын күзету үшін тұңғыш рет Әскери-теңіз күштеріне «Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ қазақстандық кәсіпорнында дайындалған мобильді сүңгуір кешені жеткізілді. Аталмыш кешен КАМАЗ автомобильдерінің базасында орналастырылды. Оның құрамына сүңгуірлік түсулерді қамтамасыз ету құралдары бар модуль, ашық және тұйықталған үлгідегі тыныс алу аппараттары және теңізде жұмыс жасауға арналған жылдам жүзетін қайықтар кіреді. Жалпы алғанда, 2016 оқу жылында Әскери-теңіз күштері  жоспарға сәйкес барлық іс-шараларды сәтті және толық көлемде орындады. 

2017  мерейтойлық жылда Қазақстанның ӘТК жауынгерлік сайыстың «Қарулы Күштердің 25 жылдығына – жоғары жауынгерлік дайындық!» атты ұранымен корабльдердің жауынгерлік кезекшілігін ұйымдастыру, жоғары тұрған әскери басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастыру бойынша жұмысты жалғастыру жоспарлануда.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"