Қазақстанның әскери қызметшілері ШЫҰ елдерінің бірлескен жаттығуына қатысуда

Қытайдағы Корла қаласы оқу-жаттығу базасының спорт кешенінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде әскери қызметшілердің бірлескен таулы-атқыш жаттығуы өтуде.

Оған Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің бөлімшелері қатысуда. Қазақстан Қарулы Күштерінің намысын саны 28 адамнан құралған әскери қызметшілер қорғауда.

Бүгінгі күні бірлескен жаттығуға қатысушылар оқу-жаттығу базасының инфрақұрылымымен танысып үлгерді және бөлімшелер құрамында қарумен 5 000 метрге жүгірді. Одан кейін әскери қызметшілер толық жауынгерлік жарақтандыруда 100 метр қашықтықтағы қоршауды бұзып өту бойынша көрсетпелі әдістемелік сабаққа қатысты.

Бұдан өзге, бірлескен жаттығу бағдарламасы оқ атусыз қаруды қолданудың тактикалық негіздерін, оқ атуды бастаусыз үш нүктедегі қарудың үш түрін, сонымен қатар, әскери қызметшілердің таулы-атқыш дайындығын жетілдіруге бағытталған бірқатар практикалық сабақтарды қамтиды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"