Қазақстанның әскери-патриоттық клубтарында альпинизмді шыңдауда

Әскери-патриоттық клубтарының алғашқы әскери дайындық курстарында альпинизм мен құзға өрмелеу негізінде биік тауға шығу сабақтары ұйымдастырылды.

Бекіту нүктесін таңдау, төменгі және жоғарғы сақтандыру жұмыс тәсілдерін зерделеу, өздігінен ұстап қалатын қысқышты пайдалану арқылы арқанмен көтерілу, одан түсу және өзін-өзі құтқару (кіші биіктікте тәжірибе жасау) жөнінде сабақтар оқыту теориясына кірді. Ал практикаға бір арқаннан екінші арқанға ауысу, өту, баспен төмен қарап тұрып жұмыс жасау, арнайы құралдарды қолдану мен ғимаратқа шабуылдау тәжірибесі енді.

Барлық жаттығулар сақтандыру құрылғылары арқылы, басшылықтың жіті және тәжірибелі нұсқаушылардың бақылауымен орындалады. Аталған сабақ барысында Алматылық «Киров» атындағы ірі әскери-патриоттық клубтың тәрбиеленушілері дағдыланған машықтарын көрсетті. Балалар құзға өрмелеу мен альпинизм бойынша шынайы қызығушылығын көрсетіп қана қоймай, көбі Қарулы Күштердің таулы жерлердегі бөлімшелерінде әскери қызмет етуді армандайды екен. Бүгінде жас патриоттардың тау даярлығы бойынша тәжірибелері бар, алда кәсіби даярлықтарын шыңдай түсуді жоспарлап отыр.

 «Бүгінгі күні Алматыда жергілікті әскери басқару органдары жетекшілік ететін 30-дан аса әскери-патриоттық клуб бар. Солардың ішінде саны жағынан ауқымды және 200-ден астам бала үлкен ниетпен әскери іс бойынша білім алатын осы «Киров» әскери-патриоттық клубы», - деп Алматы қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Ермұқан Аспамбетов атап өтті. Еліміздің әскери-патриоттық клубтары мен әскери-спорттық құрамаларын дамытуға қолдау көрсету бүгінде Қорғаныс министрлігі өткізетін дербес бағыттағы әскери-патриоттық жұмыс болып саналады. Әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері – әскери іске бар ынтасын салып зерделеп қана қоймай, өмірін әскери қызметші кәсібімен байланыстыруды шындап жоспарлап жүрген жас патриоттар.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"