Қазақстанның әскери делегациясы Түрік Республикасына барды

Қазақстанның әскери делегациясы Түрік Республикасына барды

Екіжақты әскери ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери делегациясы ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мұрат Бектановтың жетекшілік етуімен Түрік Республикасына барды.

Қазақстандық делегациясапар барысындаТүркия Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің қолбасшысы армия генералы  Яшар Гюлермен кездесу өткізді.  Оның барысында тараптар құрлық әскерлерінің, арнайы бөлімшелердің әскери оқу-жаттығуларға өзара қатысу мәселелері мен әскери білім беру мәселелерін талқылады. Одан басқа, Қазақстанның әскери делегациясы Арнайы операциялар күштері қолбасшылығының орталығына барды. Онда оларға қалалық жағдайлардағы жауынгерлік іс-қимылдар көсретілді. Кездесу қорытындысы бойынша ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор М. Бектанов Түркия ҚК Құрлық әскерлерінің училищесінде білім алып жатқан қазақстандық курсанттармен кездесті.



Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства