Қазақстанға Иран Әскери-теңіз күштерінің корабльдері келіп жетті

Қазақстанның Каспий теңізі жағалауына Иран  Әскери-теңіз күштері корабльдерінің тобы, яғни, «Пейкап» зымыран кораблі және «Дамаванд» эскадрильялық миналы кемесі келіп жетті.

Ақтау теңіз портында достастық кемелерді Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің «Сарыарқа» зымыран-артиллериялық кораблі күтіп алды. Сапар мақсаты екі елдің Әскери-теңіз күштері арасындағы ынтымақтастықты ретке келтіру болып табылады. Оның рөлі өңірлік, оның ішінде, Каспий теңізінің су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігі жағдайларында анағұрлым ұлғаяды.  Тәжірибе алмасу мақсатында зымыран кораблі мен Иранның эскадралық мина тасығышына Қазақстан әскери теңізшілері экскурсия ұйымдастырды.

Өз кезегінде, Иран ӘТК әскери теңізшілері қазақстандық зымыран-артиллериялық корабльді тамашалай алады. Ресми сапардың бағдарламасы шеңберінде әскери корабльдердің экипаждары мен Иран Әскери-теңіз күштерінің өкілдері Ақтау қаласының мәдени нысандары мен көрікті жерлерін аралап шығады.   Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын Иран Ислам Республикасы ӘТФ Каспий флотилиясының корабльді тобы Ресей мен Әзірбайжанның теңіз порттарына соғып қайтқан болатын.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"