Қазақстандық офицер Батыс Сахарадағы БҰҰ миссиясының штабында жоғары лауазымға тағайындалды

Батыс Сахарада (MINURSO) референдум өткізу кезінде бейбетшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының миссиясына қатысушыҚазақстан Қарулы Күштерінің офицері подполковник Данияр Исмаилов күштер қолбасшысының өкімімен штабтың оқу бөлімі бастығы лауазымына тағайындалды.

Жаңа лауазымда әскери қызметші оқыту стандарттарына, олардың тапсырмаларды тиімді орындауы үшін барлық әскери қадағалаушылардың дайындығы мен әзірлігіне жауап береді. Оның міндеттеріне штабтағы барлық әскери оқу іс-шараларын үйлестіру, мамандарды дайындауды ұйымдастыру, негізгі, сондай-ақ, қажетті кешенді жаттығулардың басымдықтарын бағалау және анықтау кіреді.

Одан басқа, қазақстандық офицер БҰҰ-ның миссиясына қатысу үшін келген әскери және азаматтық персоналдан ағылшын тілінен емтихан қабылдайды және жетекшілік етеді. Өткізілетін оқу іс-шаралардың мониторингісі мен бағалауды жүргізеді. Подполковник Данияр Исмаилов БҰҰ-ның миссиясында 2016 жылғы 11 қарашадан бастап жүр. Бұдан бұрын ол жаңадан келген әскери қадағалаушыларды оқыту және дайындаумен, тренингтерді ұйымдастырумен айналысқан. Жаңа лауазымға миссияда өзінің қызметтік міндеттерін үлгілі және кәсіби тұрғыда орындағаны,

Ирактағы бітімгершілік миссияға қатысудағы тәжірибесі мен кәсібилігі үшін тағайындалды. Қазіргі уақытта Батыс Сахарадағы (MINURSO) БҰҰ-ның миссиясында әскери қадағалаушылар ретінде Қазақстан Қарулы Күштерінің төрт офицері қатысып жатқанын айта кеткен жөн. Миссия қолбасшылығының айтуы бойынша олардың барлығы, сондай-ақ, БҰҰ-ның миссиясына қатысуды аяқтағандар өздерін өз істерінің шеберлері мен үлгілі әскери қызметшілер ретінде көрсетті.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"