ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

Қазақстандық кинологтар үздік үштікте

Қазақстандық кинологтар үздік үштікте

Армия халықаралық ойындары шеңберінде «Адал дос» алғашқы халықаралық кинологиялық байқауында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының әскери қызметшілері  сайыс көшбасшыларының қатарында тұр.

Қазақстан командасының құрамында Қарулы Күштердің ефрейторы Мағжан Жаңабеков үздіктердің бірі атанды. «Өткен жылы командамыз жалпы командалық екінші орынды иеленді. Биыл байқауға біз жарты жыл тынбай дайындалдық және биылғы жылы жеңеміз деп үміттенеміз», - дейді ол.

 «Адал дос» кинологиялық байқауы Мәскеу облысының Дмитров ауданында өтіп жатыр. Оған Ресей, Белорусь, Өзбекстан, Египет және Қазақстанның қызметтік иттерімен бірге тәлімгерлері қатысып жатыр.

Үш кезең барысында сайыс қатысушыларына атыс шебінен, ұстауды, тексеруді, айдауылдауды, бұзушының шабуылынан қорғау мен кедергілер жолағын еңсеруге тура келді. Негізінен байқауға неміс және малинуа бельгиялық овчаркалары қатысуда. Байқаудың бас төрешісінің айтуынша, дәл осы тұқымдар патрульді-бекеттік және қорғаныс қызметінде өздерін жақсырақ көрсете біледі.  Естеріңізге сала кетсек,  «Адал дос» халықаралық байқауы төрт кезеңде өтеді. Атап айтқанда, «Дог биатлон – жеке жарыс», «Қорғаныс қызметі», «300 метрлік кедергілер жолағын еңсеру» және «Дог биатлон – эстафета».


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Армейские международные игры-2017: итоги в цифрах

Армейские международные игры-2017: итоги в цифрах