Қазақстандық бітімгершілер үнділік әріптестерімен тәжірибе алмасуды жалғастыруда

Нью-Дели қ. (Үндістан) Біріккен Ұлттар Ұйымын дайындау орталығында қазақстандық бітімгершілік ротаны дайындау шеңберінде қазақстандық бітімгершілік полктің әскери қызметшілерімен бірлескен сабақтар жалғасуда.

Қазақстандық бітімгерлердің бағытының негізгі мақсаты Үндістан Республикасының бітімгерлік тәжірибесін зерделеу және оны әрі қарай бітімгерлік миссияларда қолдану болып табылады. Өздерінің алғашқы күндерінде қазақстандық армияның әскери қызметшілері теориялық сабақтар барысында Біріккен Ұлттар Ұйымының жалпы ережелері, құрамы және жұмыс қағидатымен танысты. Практикалық сабақтар барысында әскери қызметшілер жедел базада патрульдеу, айдауылдау және қызметті ұйымдастыру бойынша оқу-жаттықтыру мәселелерін пысықтайды. Қазіргі уақытта сабақтарда негізгі назар құқықтық аспектілер мен патрульдеуге аударылады. Жалпы алғанда, қазақстандық және үнділік бөлімшенің үйлесу процесі жақсы өтуде. Бітімгершілік қызмет халықаралық міндеттемелерді орындау, әскери-саяси позицияларды, мүдделер мен жалпы әлемдік аренада еліміздің беделін ілгерілету шеңберінде Қазақстан үшін үлкен мәнге ие екенін айта кету қажет.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"