Қазақстандық армияның жарақтандырылуына жаңа техника келіп түсті

Қазақстандық армияның жарақтандырылуына кезекті С-295 жаңа әскери-көлік ұшағы мен тралдары бар заманауи ер-тоқымды тартқыштардың кезекті жаңа партиясы мен тиеу-түсіру тұғыры келіп түсті.

Ұшақтың бұл түрін Қазақстанның Қарулы Күштері 2002 жылдан бастап пайдалануда. Пайдаланылуы жылдарында топырақты және қысқартылған ұшу-қондыру жолағына ұшу мен қонуды жүзеге асыратын мүмкіндігі бар берік және күтімді аса қажет етпейтін ұшақ ретінде танылып отыр.

 Ер-тоқымды тартқыштардың аталған типі үлкен қашықтықтарға ауыр шынжыр табанды әскери техниканы мобильді алмастыруды қамтамасыз етеді. Әскери техниканың келіп түскен партиясы жүк көтерімділігі 60 және 40 тонналы әскери техниканы тасымалдауға, сондай-ақ, далалық жағдайларда теміржол көлігіне оны тиеу мен түсіруді жүзеге асыруға қабілетті. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы армияның матриалдық-техникалық құрамдасына ерекше көңіл бөледі.

 Жауынгерлік машиналар паркінің жыл сайынғы жаңартылуы  Қазақстан Қорғаныс министрлігінің әртүрлі нысандарында атқарылатын арнайы тапсырмалардың сапасы мен мерзіміне елеулі ықпал етеді», - деп 73652 ә/б командирінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары подполковник Юрий Тимченко атап өтті.   Қазақстандық армияның жарақтандыруына келіп түсетін жаңа техника жауынгерлік қабілеттілік пен ұтқырлықты, жеке құрамды, қару-жарақ пен әскери техниканы ұзақ қашықтыққа тасымалдауға мүмкіндік береді.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"