Қазақстандық әскерилердің қарқыны тәуір

Қазақстандық әскерилердің қарқыны тәуір

«Сұңқар аңшылығы» халықаралық байқауында Қазақстанның құрама командасы көш бастап келеді.

«Отар» 40-шы әскери базасының аумағында «Сұңқар аңшылығы» байқауында алғашқы кезеңнің жаттығуынан кейін ҚР Қарулы Күштерінің командасы көш бастап келеді. Екінші орында Иран өкілдері, үшінші орынға Белоруссияның қатысушылары жайғасты. Жаттығулар барысында командалар алма кезек кешенді ұшуға дайындау, бейнені тіркей отырып, жердің әуе барлауын жүргізу, маршта лекті алып жүру және ҰҰА-ның бастапқы пунктке оралуы бойынша тапсырмаларды орындады. ҰҰА есептоптары жаттығуды орындауға жұмсалған жалпы уақыт бойынша бағаланды. Екінші кезеңде конкурсанттарға түнде әуе барлауын жүргізу және артиллерияның атысын реттеу үшін ұшқышсыздардың ұшуларын орындауға тура келеді. Үшінші кезең бірінші және екінші кезеңдердің қорытындысы бойынша бірінші мен үшінші аралығында орын алған үш команда қатысатын эстафетаның өткізілуін қамтиды. 
Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства