Қазақстандағы армия халықаралық ойындары-2017 өз мәресіне жетті

Қазақстандағы армия халықаралық ойындары-2017 өз мәресіне жетті

9-тамызда «Отар» 40-шы әскери базасының аумағында өтіп жатқан Халықаралық армия ойындары мәресіне жетті. Оған ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов қатысты.

«2017 жылғы Армия халықаралық ойындары аяқталуға жақын қалды. Сөзсіз, бұл ойын әлемнің әртүрлі елдері әскерлерінің тарихына айрықша үлес қосты. Ойындардың арқасында әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық реттеліп қана қоймай, сонымен бірге, әскери қызметшілер мен армиялар арасында шынайы достық пайда болады. Сайысқа қатысушылардың барлығында болашақта жеңіске жету үшін мықты әлеует бар. Әрбір әскери қызметші өзінің кәсіби машығы мен әскери шеберлігін паш ете алды. Сіздерді, яғни, жүлделі орындарды иеленген ойынның лайықты жеңімпаздарын құттықтаймын», - деп ойындардың жабылу рәсімінде генерал-полковник Сәкен Жасұзақов қатысушыларға тілегін жолдады.

18 мемлекеттен 400 әскери қызметші қатысқан байрақты бәсекеге Қазақстан Қарулы Күштерінің жауынгерлері топ жарып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды.   Қарулы Күштеріміздің әскерилері қорғаныс саласындағы кәсібиліктерін барынша паш етті. Біліктіліктері мен күш-жігерлерінің жоғары деңгейде екенін көрсетті.

Қазақстанның Қорғаныс министрі іс-шараның ашылу салтанатында атап өткендей, армиялық халықаралық ойындарды өткізу шынайы жауынгерлік бауырластық пен адами достықтың негізі болып табылады және Елбасы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы тарапынан лайықты қолдау тауып келеді. Армиялық ойындар көлемді әлемдік спорттық біріншіліктерден еш айырмасы жоқ, халықаралық ауқымдағы керемет іс-шара. Біз үшін оны ең жоғары деңгейде Қазақстанда өткізу үлкен абырой.

Армия халықаралық ойындары – бұл ауқымы мен өзінің мазмұны бойынша ғаламат іс-шара. Бұл ойын халықаралық әскери қоғамдастықта жоғары мәртебеге ие болды. АрХО-2017 шеңберінде а.ж. тамыздың 1-і мен 9-ы аралығында Қазақстан Республикасының аумағында «Артиллериялық оқ ату шеберлері», «Мерген шебі» және сайыстың жаңа түрі «Ұшқышсыз ұшу аппараттары есептоптарының сайысы» атты ірі жарыстар өтті. «Отар» 40-шы әскери базасының қазақстандық полигонында байқауларды өткізу үшін барлық қажетті инфрақұрылым мен логистика, атап айтқанда, артиллерияшыларға кедергілері бар қашықтығы 2 шақырымды құрайтын тас жолдар, мергендік винтовкадан, тапаншадан оқ ату, мергендердің гранаталарды лақтыруы үшін барлаушының соқпақ жолы мен шептерінің элементтері бар бағдар дайындалып, оңтайландырылды. Ал «Мәтібұлақ» полигонының аумағы «ҰҰА есептоптарының сайысы» байқауын өткізу үшін арнайы жабдықталды.

 Мергендер бірінші болып межеге жетті

Иә,  Қазақстан Қарулы Күштерінің мергендері сайысты жеңіспен аяқтады. Қытай мен Ресейдің командалары екінші орынды бөлісті. Ал Беларусь командасы үшінші орынды еншңледң. Ең үздік мерген ретінде кіші сержант Нұрсұлтан Бақтораз танылса, аға сержант Ерғанат Құдабеков мен Мақсат Шыналиев ең үздік мерген жүп атынды.

Қазақстан Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің құрама командасы «Мерген шебі» байқауының алғашқы үш жаттығуынан да нық түрде көш бастаған болатын. «Сынаққа оқ ату» «және Қорғаныстағы мерген» жаттығуларында қатысушылар дәлдікке сайысқа түсті. Онда қазақстандық команда барынша аз мүлт жіберіп, жоғары кәсіпқойлық шеберліктерін паш етті. «Мерген биатлоны» қатысушылар үшін өте күрделі болды. Онда оларға қабырғалар, үйінділер, орлар, тікенді сымнан жасалған қоршаулар түрінде кедергілері бар қашықтықты еңсеру қажет болды. Одан басқа, қашықтықта Макаров тапаншасынан, мергендік винтовкадан оқ ату және граната лақтыру үшін бірнеше атыс шептері қарастырылды.

 

Қазақстандықтар көш бастады

Артиллериялық оттың шеберлері сайысында да біздің команда бірден-бір мықты команда деп танылды. Екінші орынға  Беларусь командасы шықса, үшінші жүлдені Ресей құрамасы місе тұтты. Төртінші орынды Әзірбайжан, бесінщі орынға Қырғызстан құрамасы жаттықты.

Бұл ауқымды қатысу қазақстандық армияның жаңа мүмкіндіктерін көрсетті. Қазақстан армия ойындарына қарапайым сайыс ретінде ғана қарамайды, сонымен қатар, жарыс жауынгерлік бауырмалдық рухын көтереді деп санайды. Мұнда Ресейлік сержант Рустам Чиктаев үздік механик-жүргізуші атанса, Белоруссиядан келген ефрейтор Иван Швая үздік көздеуші, Әзірбайжаннан келген кіші сержант Эльшат Оруджов үздік есептоп командирі атанды. Қазақстандық сержант Мейірхан Әбілдаевтің жетекшілігімен минаатқыш есептобы үздік есептоп болып белгіленді.

 

Жоғары нәтиже көрсетті

 

 «ҰҰА есептоптарының сайысы» байқауында Қазақстан командасы көш бастады. Екінші орынға Ресей өкілдері тұрақтаса, үшінші орынды Иран қатысушылары еншіледі. Жаттығу барысында командалар кезекпен-кезек ұшуға кешенді дайындау, бейнені белгілей отырып, жергіліктің жердің әуе барлауын жүргізу, маршта лекті алып жүру және ҰҰА-ның бастапқы пунктке оралуы бойынша тапсырмаларды орындады. ҰҰА-ның есептоптары жаттығуды орындауға жұмсалған жалпы уақыт бойынша бағаланды. Бұл жарыста үздік ҰҰА технигі ретінде Ирандық Хамид Джафариан танылса, Ал, ресейлік аға сержант Влдимир Заинчковский үздік оператор атанды.

Байқаудың бас төрешісі 36814 әскери бөлімінің командирі полковник Болат Жорабаевтың айтуынша, ұшқышсыз ұшу аппараттары есептоптарының сайысы Армия халықаралық ойындары-2017 шеңберінде ғана емес, сонымен бірге, әлемде алғаш рет өткізіліп отыр.

Іс-шара барысында кернейдің әуезді үнімен жүргізушілер командаларды сахнаға шақырып, жеңімпаздарға құрмет көрсетті. Жеңімпаздар кубоктармен, медальдармен, дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Рәсім соңында ойын қатысушыларының назарына мерекелік концерт ұсынылды.

 Жауынгерлеріміз жарап тұр

 

Тағы бір айта кетерлік жайт, Қазақстан Қарулы Күштерінің құрама командалары АрХО-2017 байқауында үздік нәтижелер көрсетуде. Қазақстандық армияның әскери қызметшілері «Әскери барлау үздіктері», «Қару шебері» және «Рембат» байқауларында үздік орындарға қол жеткізуде. «Әскери барлау үздіктері» байқауының 4-кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстан Қарулы Күштерінің командасы Беларусь, Армения және Зимбабвенің командасынан оза шауып, 3-орынды еншіледі. Қазақстандық команда үшін «Қорла» қытайлық полигондағы «Қару шебері» байқауының 1-кезеңі сәтті аяқталды. Қазақстан командасы «122 мм Д-30А сүйретілмелі гаубицаның жөнделуі» кезеңінің қорытындысы бойынша 2-орынды қанжығалады. Қытай командасы бірінші орынды иеленді. Осылайша, «Қару шебері» байқауында өнер көрсеткен  Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің командасы 1-кезеңде Ресей, Иран және Өзбекстанның командасынан оза түсті.  Финалдық эстафета шешуші болмақ. «Қару шебері» байқауына барлығы 5 елдің командасы қатысуда. Омбы қаласында өтіп жатқан «Рембат» байқауында «Оқ ату даярлығы» байқауының 3-кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстан Қарулы Күштерінің құрама командасы ҚХР мен Ресей Федерациясынан озып өтіп, 1-орынға жайғасты.  Бұл жеңіске Макаров тапаншасынан оқ атуда 98 ұпай жинап, команда капитаны аға лейтенант Станислав Ван қомақты үлес қосты. ҚХР командасы аталмыш кезеңде 2-орынды иеленсе, үшінші орынға Ресей командасы тұрақтады. Сайыс жалғасуда. Додаға 3 елдің, яғни, Қазақстан, Қытай және Ресейдің командалары қатысуда. Байқаудың шешуші кезеңдері әскери-спорттық және аралас эстафеталар болып табылады.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: основные причины ДТП

Инфографика: основные причины ДТП