ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақырудың күзгі науқаны басталады

Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақырудың күзгі науқаны басталады

Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақырудың күзгі науқаны бастау алады. 2017 жылдың күзінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына 1999-1990 жылдары туылған 16 мыңнан аса азаматты шақыру жоспарлануда.

«Әскери қызмет пен әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңына, сондай-ақ «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілердің запасқа босатылуы және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2017 жылғы наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» 2017 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдері мен мекемелерін 2017 жылғы күзде жас толыммен жасақтау мақсатында елімізде ағымдағы жылғы 2 қыркүйектен бастап шақыру және медициналық комиссиялар жұмыс жасауға кіріседі. Әскери бөлімдер бойынша шақырылушыларды іріктеу және бөлу кезінде алдын ала зерделеу нәтижелері мен шақырылуға дейінгі алған білімдері ескерілетін болады.

Әскери бөлімдерді жасақтау эксаумақтық қағидат бойынша жүзеге асырылады. Шақырылым мен медициналық куәландыруды жүргізу тәртібі туралы мәселелерді жедел шешу үшін ҚР Қорғаныс министрлігінде шақырылым кезеңінде «қауырт желі» жұмыс жасайтын болады. Жауапты лауазымды тұлғалар түсіндірме беріп, азаматтардың барлық қызықтырған сұрақтарына жауап береді. Кеңесті 8 (7172) 72-13-89 және 72-16-06 телефондарына қоңырау шалып, алуға болады.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Армейские международные игры-2017: итоги в цифрах

Армейские международные игры-2017: итоги в цифрах