Қазақстанда халықаралық "Дала қыраны" оқу-жаттығуы аяқталды

Қазақстанда халықаралық "Дала қыраны" оқу-жаттығуы аяқталды

«Іле» оқу-жаттығу полигонында «Дала қыраны» халықаралық бітімгерлік тактикалық-арнайы оқу-жаттығуының жабылу рәсімі өтті.

Іс-шараға ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Тимур Дәндібаев қатысты. Сондай-ақ, жабылу рәсіміне Қазақстан Республикасында аккредиттелген әскери-дипломатиялық корпус өкілдері мен дипломатиялық миссия басшылары қатысты.

Оқу-жаттығу аясында Ұлыбритания, Үндістан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан және Америка Құрама Штаттарынан келген әскери қызметшілер бітімгерлік операция элементтерін бірлесіп жасады. Атап айтқанда, блок-бекеттерде қызметтер атқару, гуманитарлық жүктерді қарауылдап алып жүру, жергілікті тұрғындармен келіссөздер жүргізу, төңіректі патрульдеу, миналанған даланы, жолды залалсыздандыру, тазарту және сумен қамтамасыз ету, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша тапсырмалар орындалды. Оқу-жаттығу 2003 жылдан бері әскери қызметшілердің бірлескен теориялық және практикалық тапсырмаларды орындау барысында алған бітімгерлік дағдыларын жетілдіру мақсатында өткізіледі. 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи