Қазақстанда «Дала қыраны – 2017» халықаралық бітімгерлік жаттығуы аяқталды

«Іле» оқу-жаттығу полигонында ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың басшылығымен «Дала қыраны – 2017» халықаралық бітімгерлік тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы жабылуының салтанатты рәсімі өтті.

Шараға жаттығуға қатысушы елдердің өкілдері, оның ішінде, әскери-дипломатиялық корпус басшылары, НАТО-ның әскери сарапшылары, сондай-ақ Америка Құрама Штаттарының, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен Корольдігінің, Тәжікстан Республикасының және Қырғыз Республикасының бақылаушылары қатысты.

Cалтанатты рәсімде сөз сөйлеген ҚР Қорғаныс министрі: «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне үндеуінде Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік жүйесін одан әрі жетілдіруге мүдделі және әскери бақылаушылар мен бейбітшілікті қолдау бойынша БҰҰ миссиясындағы бітімгерлер санын ұлғайтуға ниетті деп атап өткен болатын. Осыған байланысты, біз біріккен бітімгерлік дайындықтарды жалғастыра береміз. Бүгінгі «Дала қыраны» жаттығуы осының жарқын көрінісі болып табылады, - деді.

Қорғаныс ведомствосының басшысы «Дала қыраны» халықаралық бітімгерлік тактикалық-арнайы оқу-жаттығуын өткізу қатысушы елдердің ынтымақтастығын нығайту мен жедел үйлесімділік деңгейін арттыруда маңызды құрал болып отырғанын атап өтті. Өз кезегінде НАТО Ынтымақтастық және өңірлік қауіпсіздік басқармасының директоры генерал-майор Ян Тофт жаттығуды ұйымдастырушыларға алғысын айтып, жаттығу шеңберінде «Жедел әлеует тұжырымдамасы» бағдарламасы бойынша стандарттарға сәйкестігін растаған «Қазбат» қазақстандық бітімгерлік батальоны жеке құрамының дайындық деңгейіне НАТО сарапшыларының берген ресми оң бағасын жеткізді. «Дала қыраны» оқу-жаттығулары 2003 жылдан бері өткізіліп келеді. 2012 жылдан бері аталған жаттығу кең көлемдегі қатысушыларды тарта отырып, «Бейбітшілік үшін серіктестік» шеңберінде өткізілуде.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"