«Іле» оқу орталығының базасында «Дала қыраны – 2017» тактикалық-арнайы бітімгерлік жаттығуларының екінші кезеңі басталды.
Оқу-жаттығулардың негізгі мақсаты бейбітшілікті қолдау және дағдарыс жағдайына ден қою, БҰҰ және НАТО жүргізетін операцияларға дайындық, Альянстың күштері мен құралдарымен жедел үйлесімділікке жету элементтерін пысықтау болып табылады. Аталған кезең шеңберіндегі командалық-штабтық даярлықта бригада штабы үшін оқу-жаттығу «Қазбриг» басшылығымен алты шет мемлекеттің штабтық офицерлерінің қатысуымен бітімгерлік сценарий бойынша компьютерлерде өткізіледі.
Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдігі, Түрік Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Қырғыз Республикасы Қарулы Күштерінің өкілдері бақылаушы ретінде қатысады.
Жаттығулардың қорытындысы бойынша НАТО сарапшылары «Жедел әлеует тұжырымдамасы» бағдарламасының бірінші деңгейі бойынша баға беретін болады. «Дала қыраны – 2017» тактикалық-арнайы бітімгерлік жаттығуларының екінші кезеңі 2017 жылғы 22 шілде мен 4 тамыз аралығында өтетінін еске саламыз.