Қазақстанда 2017 жылы Армия халықаралық ойындарының алты байқауы өтеді

Келесі жылы Қазақстан өз жерінде жаңартылған бағдарламада Армия халықаралық ойындарын өткізбек. Әскери полигондарымыздың аумағында алғаш рет алты байқау өтеді. Оның екеуі пішімі мен қатысушылары бойынша тың жаңа, бірегей болып келеді.

Армия халықаралық ойындарының бағдарламасына алғаш рет броньдалған автомашиналардағы ралли, сондай-ақ, әйел әскери қызметшілерге арналған көпсайыс арнайы байқауы қосылады. Оларға 2017 жылы өзінің орналасу орнын алмастыратын және қазақстандық әскери полигондарда өтетін қазіргі кезде АрМИ бағдарламасында бар байқаулар қосылады. Ол әскери аспазшылардың «Далалық ас үй» байқауы, кинологтардың «Адал дос» сайысы, артиллерияшылар мен мергендердің «Артиллериялық оқ ату шеберлері» және «Мерген шебі»  додасы. Қазақстан   Армия халықаралық ойындарының ауқымын кеңейткен алғашқы мемлекет атанғаны есте қаларлық. «Гвардейск» әскери полигоны биылғы жылы үш континенттен 12 елдің үздік мергендері мен артиллерияшылары, яғни, АрМИ қатысушыларын тұңғыш рет қабылдауда. Енді өткізілу орны Қазақстан болып табылатын жаңа пішімдегі сайыстар тәжірибе алмасу және перспективалық халықаралық әскери ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктерді аша отырып, бүкіл дүние жүзі армиясының әскери қызметшілерін біріктіреді.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"