ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

Қазақстан Республикасының әскери білім беру және әскери ғылым ошағына – 20 жыл

Қазақстан Республикасының әскери білім беру және әскери ғылым ошағына –  20 жыл
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ресми сайтынан алынған фото

ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығында ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Оқас Сапаровтың қатысуымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің 20 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің басшылық құрамы мен ардагерлері, Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабы Әскери академиясының өкілдері, сондай-ақ Қазақстанда аккредиттелген әскери-дипломатиялық корпус қатысты. «Осынау мерекелік күнде барлық профессорлық-оқытушылар құрамын, әскери қызметшілерді, қызметкерлерді, Қарулы Күштердің ардагерлерін атаулы оқиға, яғни, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы жоғары атақты абыроймен алып жүрген университеттің 20 жылдығымен құттықтаймын.

Қазіргі уақытта Ұлттық қорғаныс университеті әлемдегі заманауи әскери қауіп-қатерлерге барабар ден қоюға қабілетті ұлттық әскери дегдарды, офицерлердің жаңа ұрпағын  дайындауға бағытталған заманауи, зияткерлік және білім беру орталығы ретінде позицияланады. Сіздерге амандық, денсаулық, оптимизм, офицерлік кадрларды дайындау мен еліміздің қорғаныс қабілеттілігін нығайту ісінде әрі қарайғы жетістік тілеймін», - деді құттықтау сөзінде ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Оқас Сапаров.
Бүгінде Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті қазақстандық әскери білім беру жүйесінде жетекші көшбасшы болып табылады.

Аталмыш білім ошағының міндеттері жоғары әскери, жоғары әскери-арнаулы білімі бар офицерлік кадрларды дайындау, офицерлік құрамды қайта дайындау және жетілдіру, әскери ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау болып табылады. Бұл жаңа пішімдегі әскери оқу орны  әскери білім беру және зияткер әскери дегдарды қалыптастыру саласында инновацияларды енгізу аясында көшбасшы болып табылады. Бұл Орта-Азиялық өңірдегі ірі әскери ЖОО, ҚР Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының барлық әскери оқу орындары үшін ведомствоаралық оқу-әдістемеліік орталық болып келеді.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Армейские международные игры-2017: итоги в цифрах

Армейские международные игры-2017: итоги в цифрах