Қазақстан Құрлық әскерлерінің әскери қызметшілері «Әскери барлау үздігі» халықаралық байқауына дайындалуда

Барлаушылар командасы Армия халықаралық ойындары шеңберінде тамыз айының алғашқы онкүндігінде Новосибирскіде өтетін «Әскери барлау үздігі» байқауына жүруге дайындалуда.

Қазіргі таңда дайындықтар Құрлық әскерлері Әскери институтының полигонында өтуде. Іріктеу жарыстарына қатысқан 16 әскери қызметшіден команда құрамында 12 адам қалды. Оның ішінде 10 адам негізгі құрамға кірсе, 2 адам резервте тұр. Команда құрамы толықтай «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 03811 әскери бөлімінің өкілдері.
Осы бөлімнің барлаушылары өткен жылдың қорытындысы бойынша жоғары дайындықтарымен еліміз Құрлық әскерлері барлау бөлімдері арасында бірінші орын алған болатын. – «Команда құрамындағы 4 әскери қызметшіміз өткен жылғы Армия халықаралық ойындарының қатысушылары. Бұл бізге үлкен үміт пен қосымша жігер сыйлайды, – дейді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы барлау басқармасының аға офиері майор Нұрлан Шегебаев.
 – Әр күніміз қанық дайындықтармен өтуде, біздің алдымыздағы басты тапсырма – Ресейде өтетін жарыстарда ел намысын лайықты қорғай білу. Командаға халықаралық жарыстарға қатысып тәжірибе жинаған аға сержанттар Ержан Сейіт пен Әзиз Сындарқұлов, сержант Шәді Алимухаммет, кіші сержант Асылхан Тілеуқабылов жауынгерлік көңіл-күй сыйлауда.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"