Қазақстан Қарулы Күштерінде тактикалық-саптық сабақтар жалғасуда

ҚР Қарулы Күштері әскерлерінің жауынгерлік әзірлік мәселелері жөніндегі тактикалық-саптық сабақтар шеңберінде әскери басқару органдары, құрамалар мен әскери бөлімдер жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейін жүргізу бойынша іс-шараларды орындауға кірісті.

Қазіргі уақытта тактикалық-саптық сабақтар роталардың (батареялардың, буындардың), батальондардың (дивизиондардың, эскадрилиялардың, 3 дәрежелі кемелердің), әскери бөлімдер мен құрамалардың құрамында жүргізілуде.
Қарулы Күштерде сабақтар жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтірілген кезде жеке құрамның функционалдық міндеттерін орындауы, бақылау тобының жұмысын ұйымдастыру, бөлімшелердің роталық колоннаны жасақтау ауданына шығуы, жылжымалы басқару бекеттерін орналастыру, командалық-штабтық машиналардың жұмыс істеу қабілетін тексеру, бағынысты және жоғары тұрған штабтармен байланысты, сондай-ақ коменданттық қызметті ұйымдастыру жұмыстары бойынша жүргзілуде.
Сабақтар барысында зымырандарды, оқ-дәрлер мен материалдық-техникалық құралдарды тиеу, материалдық-техникалық қамтамасыз ету базаларында қоймалар орналастыру, кемелерді шоғырландыру ауданына шығаруға, авиациялық комендатураларды авиатехникаларды қабылдауға даярлау жаттығулары ұйымдастырылды.
ҚР Қарулы Күштерінде тактикалық-саптық сабақтар 4 желтоқсанда басталып, 8 желтоқсанда аяқталатынын естеріңізге саламыз.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"