Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамасы Армия халықаралық ойындарында жалпы командалық үшінші орынды еншіледі

Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамасы Армия халықаралық ойындарында жалпы командалық үшінші орынды еншіледі
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ресми сайтынан алынған фото

Мәскеудегі «Алабино» полигонында Армия халықаралық ойындары – 2017 өз мәресіне жетті. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрама командасы әлемнің 28 елінен 150 армиялық команда арасында жалпы командалық үшінші орынды жеңіп алды.

Далалық, әуе және теңіз машығы бойынша сайыс қорытындысы бойынша Ресей Федерациясының командасы бірінші орынды, Қытай Халық Республикасының құрама командасы екінші орынды иеленді. Қазақстандық армияның абыройы мен беделі үшін халықаралық аренада 350-ден аса әскери қызметші бақ сынасты.

Қазақстанның командасы ұйымдастырушылардың бағасы бойынша көрнекілердің бірі болып танылды. Ойын төрешілері алқасының мүшелері ҚР ҚК әскери қызметшілерінің жоғары дайындық деңгейлерін, кәсіпқойлықтары мен жауынгерлік дағдыларын атап өтті. Құрамамыздың қоржынында 3 алтын, 7 күміс және 5 қола медаль бар. Ойындардың салтанатты жабылу рәсіміне ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов қатысты. Әскери ведомство басшысы бүгінгі таңдағы халықаралық ойындар достықтың, халықаралық ынтымақтастықтың, бейбітшілік пен ниеттестіктің жаңа нышанына айналып, айрықша мазмұны және ғаламат ауқымымен ерекшеленді.

 АрХО-2017 сайысында қазақстандық құраманың өнер көрсетуінің шарықтау шегі «Танк биатлоны» байқауы болды. Онда танкішілеріміз 1 сағат 45 минут 41 секунд нәтижесімен Т-72 танкісінің базалық моделінде жоғары кәсібилік пен басқару шеберлігін паш етіп, екінші орынды иеленді. «Достастық жауынгері» байқауының бас номинациясының екі дүркін чемпионы атанған 97616 әскери бөлімінің батарея сержанты аға сержант Орынбек Сәндібековтің жеңісін айрықша атап өткен жөн.

 Қазіргі уақытта Армия халықаралық ойындары халықаралық әскери қоғамдастықта жоғары мәртебеге ие болып отыр. 2017 жылы ойын бағдарламасына «ҰҰА сайысы», «Достастық жауынгері», «Жол патрулі», «Күзет сақшысы» және «Әскери ралли» атты бес жаңа байқау енгізілді. Жыл сайын елдер арасындағы достастық өзара қарым-қатынасты нығайту мен дамытудың маңызды факторы бола отырып, сайыстардың пішімі жетілдіріліп, қатысушылардың ауқымы кеңейе түсуде.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений