ҚР ҚК әскери қызметшісі өрттен адамдарды құтқарды

Алматы қ. қорғаныс істері жөніндегі департаментінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі сержант Жәнібек Есіркепов адамдарды өрттен құтқарып қалды.

Таңертең Төле би көшесінің бойымен қызметке бара жатқан кезінде Наурызбай батыр көшесінің қиылысында әскери қызметші «Donald's» фаст-фуд дәмханасының түтіндеп жатқан ғимаратын байқайды. Жақындай бергенде ол онда адамдарды тауып алады. Белгілі болғандай, түтіндеп, бықсып жатқан ғимараттан үш бойжеткен шыға алмай әлек болған.
Жағдайдың бүге-шігесін түсінген сержант Есіркепов оларды құтқаруға білек сыбана кіріседі. Терезе арқылы ол ғимаратқа кіріп, бір-бірден үш қызды шығарып алады. Әскери қызметші лаулаған от жалынында қалған адамдарды сәтті құтқарып шықты. Алайда, өзінің қолын күйік шалған.

Қазіргі уақытта Алматы қ. қорғаныс істері жөніндегі департаментінде сержант Жәнібек Есіркеповті көтермелеу туралы мәселе қаралуда.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"