Қазақстан Қарулы Күштері жаңа техникамен толықты

Алматыдағы авиациялық базаға кезекті С-295 әскери-көліктік ұшағы келіп түсті.

Ұшақтың бұл түрі максимальды ұзақ қашықтықтың барлық аумағын қосымша жанар-жағар майсыз ұшып өтуге қабілетті. С-295 ұшағы өте қарапайым әрі пайдалануға тиімді. «Airbus Military» авиациялық концерні бұл моделді өзінің сенімділігі, басқару жүйесіндегі үзіліссіздігі, жанар-жағар май үнемдеуі, техника мен жеке құрамды тасымалдау кезіндегі маневрі мен мобильділігі бойынша өзге ұшақтардан ерекше жасаған. С-295 ұшағын Испаниядан Қазақстанға экипаж командирі 1 сыныпты ұшқыш подполковник Дмитрий Гроц басқарған Қазақстан Әуе қорғанысы күштерінің ұшқыштары басқарып алып келген болатын.
«Осыған ұқсас ұшақтардан ерекшелігі бұл ұшақ 5 500 шақырымға дейінгі қашықтықтағы ұшуларды орындауға қабілетті. Сонымен бірге, осы уақыт аралығында ұшақтың жағар май шығыны өзге ұшақтарға қарағанда екі есееге аз», - деп атап өтті экипаж командирі подполковник Дмитрий Гроц.
Қазақстан армиясының әскери-көліктік авиациясы қатарын толықтырып жатқан жаңа техникалар жауынгерлік қабілетіміз бен ұтқырлығымызды арттыруға, сондай-ақ жеке құрам мен техниканы алыс қашықтыққа тасымалдауға зор мүмкіндік береді.

Cвязанные новости:
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"